Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазы - билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам. Пристав -



бет89/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Қазы - билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам.
Пристав - Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды қызмет.
Арынғазы Әбілғазыүлы (1833 жылы қайтыс болған) 1816-1821 жылдары билік еткен Кіші жүз ханы. Арынғазы қазақтардың Орта Азия хандықтарының шабуылдарына қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырушы ретінде белгілі.



292. 1858 жылғы 7 маусым. — Сырдария шекара желісінің командашысы генерал-майор Данзастың Орынбор корпусыныц командиріне қазақтардың Қоқан ханына қарсы көтерілісі туралы рапорты
«Сарай кеңесшісі Осмоловскийдің хабарлауына қарағанда, Ташкенттің билеушісі Мырзахмет осы наурыз айында қоқандықтардан, сондай-ақ қырғыздардан (қазақтардан. - авт.) жинап алған 3000 жауынгер сарбазымен бірге Әулиеата бекінісіне келген. Мұнда ол билерді жинап алып, осында көшіп-қонып жүрген қырғыздардан (қазақтардан) бұрынғыдай тек қой басынан ғана емес, сонымен қатар түйе, жылқы, ірі қара басынан алым-салық жинауды тапсырған.
Билер өз ауылдарына барып, Ташкент билеушісінің бұйрығын хабарлағанда қазақтар оған бағынудан бас тартқан. Ал Мырзахмет әр руға, оның әр тармағына 100-ден, 200-ден адам жіберіп, оларға елден зекет жинауды бұйырған. Зекет жинаушылардың озбырлығы, ... олардың әдепсіз қылықтары елдің намысына тиген. Шектен шыққан озбырлыққа төзе алмай, ашу-ызаға булыққан қырғыздар (қазақтар. - авт.) ... бірнеше адамды өлтірген.
Бұған іле-шала бүкіл Алатауды мекендейтін қырғыздар (қазақтар. - авт.) қаңлылар, дулаттар, бестамғалылар, сондай-ақ Қырғыз рулары да көтерілді. Олар Әулиеатаны, оған таяу маңдағы Шолақ, Ақ- сақата, Тоқпақ, Шелек сияқты басқа да бірқатар бекіністерді қоршап алды. Ташкент билеушісін бекініс-қамалға жасырынып, бас сауғалауға мәжбүр етті».
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы, 1964, 440-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет