Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет28/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
мірæақып дулатов
1-тапсырма. Өлеңнің идеясы мен тақырыбына талдау жасай отырып, 
мұғалімнің  көмегімен  «нәфрәтлі»,  «ғибрәтлі»  сөздеріне  түсінік  беріп, 
дәптерге жазыңдар.
2-тапсырма.  Өлеңді  мұқият  оқып,  кестені  дәптерге  толтырыңдар. 
Жазғандарыңнан түсінгендеріңді айтып беріңдер. 
бес асыл іс
бес дұøпан
Рақым
еңбек
талап
қанағат
терең ой


43
3-тапсырма. Берілген тапсырманы орындаңдар.
1. Өлеңді мәнерлеп, жатқа айтыңдар. 
2. Өлеңге әдеби талдау жасаңдар. 
5-тапсырма. Абай айтқан «Бес асыл іс» шыңына жету жолдары 
туралы не ойлайсыңдар? Абай қандай ойды ұсынады? 
6-тапсырма.  «Бес дұшпаннан» алыс болу үшін не істеу керек?
4-тапсырма. Өлеңдегі антонимдік қатар құрай алатын сөздерді тауып, 
дәптерге жазыңдар.
7-тапсырма. 1. Өлең жолдарынан түсінгендеріңді  айтып беріңдер.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз... 
2. «
Ғылымның ïайдасы» тақырыбында өз ойларыңды ортаға салыңдар. 
8-тапсырма.  Мұғалім көмегіне сүйеніп, берілген шығарманың жазылу 
тарихына назар аударыңдар.


44
біРінØі СӨз 
Бұл  жасқа  келгенше  жақсы  өткіздік  пе,  жаман  өткіздік 
пе,  әйтеуір  бірталай  өмірімізді  өткіздік:  алыстық,  жұлыстық, 
айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ор-
тасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің 
баянсызын,  байлаусызын  көрдік,  бәрі  қоршылық  екенін  білдік. 
Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба 
алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын де-
ген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын 
демесе, бізді Құдай сақтасын!  
– Қарасөздерді Абай өзі «ғақлия» деп атаған. Ғақлия – көркем қарасөз, 
нақыл сөздің бір түрі, ой саларлық ақыл-кеңес жазылған даналық сөзі.
Осы  еңбегі  туралы  ақынның  өзі  былай  дейді:  «Ақыры  ойладым:  осы 
ойы ма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны 
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын...»
9-тапсырма.  1. Бүгінгі күні ұялы телефонды шектен тыс пайдалану 
немесе  компьютер  ойындарын  үздіксіз  ойнау  дұрыс  па?  2.  Өз  қатар-
ластарың  жайлы  «
Æақсы  мен  жаман»  тақырыбында  сыни  ýссе 
жазыңдар. 
–  Мұхтар  Әуезов:  «Бұл  шығармаларда  Абай  өзінің  оқушыларымен 
әңгімелесіп,  жүзбе-жүз  кездесуде  мәслихат,  кеңес  құрып  отырған  ой-
шыл ұстаз тәрізді», – дейді. 
Абай – ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл. 
...Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. 
Ілгерідегіні  болжады.  Соған  ыңғайланып  қазақ  халқын 
тәрбиеледі. Сөйтіп, өз ұлтының ұстазына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет