мен ЖАзбАÉмын ӨЛеҢді еРмеК ҮØін Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей...
8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындаңдар.
1. Мұхтар Әуезов Абай туралы қандай еңбек жазды?
2. Қайым Мұхамедханов кім? Оның абайтануға қосқан үлесі туралы
дәптерге жазыңдар.