Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет55/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
   
 
 
 
 
        зәки Аõметов 


86
3-тапсырма. Повестің толық нұсқасын хрестоматиядан оқыңдар.
қАЖымұқАн
(Повестен үзінді)
қар күреãен бала
Ақпан-қаңтардың  сақылдаған  сары  аязы.  Қыламықтап  қырау 
ұшқындап, барлық заттың сыртына мұздан сауыт кигізіп  тұрды. 
Қызылжар  қаласының  орталық  бір  көшесіндегі  қорада,  үлкен 
сарайдың темір қақпасы кең ашылып, ішінен «ауппалаған» да уыс 
естіліп  жатты.  Бұл  саудагер  Иван  Íоги÷тің  қоймасы  еді.  Күзде 
сойылған малдың еті мен майы енді ішкі Ресейге жөнелтіліп, оны 
таситын  60  пар  ат-шана  жұмсайтын  кіреші  бай  Орлий  Масликов 
кіресін алып еді. Отыз пұт май құйып қатырған кеспекті он адам 
жабылып, орнынан қозғалта алмай жатты. Сарай ішіндегі дауыс – 
солардың үні.
Қораны басқан қарды күреуге жалданған он алтыдағы жас бала 
сарайға қайта-қайта қарай берді.
– Ей, сенің әкеңнің аты кім? – деді бүрме қара тонды қойманың 
басқарушысы.
– Оны қайтесің?
– Сұраймын.
–  Құда  түсейін  деп  пе  едің?..  Айтатыныңды  айта  бер,  –  деді 
кішкене қара көзін жымитты қараған бала.
–  Сен  онда  неге  қарайсың?  Қарыңды  күре  де,  тиісті  тиын-
тебеніңді  алып,  құры.  Бөгде  нәрсеге  бұрылып  қараудың  саған 
қанша керегі бар? Соншалық сарайдың есігіне қарай бересің...
– Сен маған сонда не істеп жатқандарыңды түсіндірші.
– Тау көтеріп жатыр.
– Сонда сарайға кірген тау көтерілмей жатыр ма? Шуылдап, ба-
сымды ауыртты. Өздері адам ба, шөпті «сырғауыл көтеріп келдік» 
деген бақсының жыны ма?!
–  О-хо-хо!  Мынаның  сөзі  отыз  пұттан  гөрі  ауыр  жатыр  екен. 
Жібер  сарайға,  көтерілмей  жатқанның  не  екенін  көрсін,  –  деді 
тұлыпты көмілтіп киіп, қақпа аузында тұрған саудагер.


87
– Ей, бар енді. Әне, мырза көріп тұр.
–  Көрсе  немене...  –  деп  қар  күреген  бала  есік  алдында 
тұрғандарды  қаңбақтай  қақтырып,  сеңдей  соқтырып,  қаға-маға 
сарайға  кіріп  келді.  Басқаны  бөрліктірген  аяз  оған  шыбынсыз 
жаз  сияқты.  Үстінде  мақталы  жыртық  шапан,  биялайын  беліне 
қыстырып,  баскиімін  қолына  ұстап,  қимылдап  жүрген  кісілерге 
аңырая  қарады.  Тұрған  орнынан  жарты  кездей  ғана  жерге 
әрең  жылжыған  кеспектің  қасына  жақындап,  иығымен  қағып, 
астындағы қалың тақтайды сықыр еткізді.
– Көтерілмейтін тауларың осы ма?
– Саған жеп-жеңіл көрініп тұр ма?
– Әй, тәйірі-ай... Соны да сөз деп айтып тұрсыңдар-ау. Тау де-
генге таңырқансам, бұл шелектей-ақ ыдыс қой. Он кісі жабылып, 
қаланы «ауппалап» бастарыңа көтеріп жүргендерің осы ма? Өздерің 
шетке ысырылып, тиейтін шанаңды есік алдына әкеле беріңдер. Әй, 
әдемі  тұлыптылар,  қалбалақтап  жүріп,  бір  жерлеріңді  қақтырып 
аларсыңдар, кейін қаш!
–  Мынаның  сөзі  қандай  дөрекі!  Қожайындарға  қалай  түйеден 
түскендей сөйлейді, – десті, мұртына мұз қатқан жұмысшылар.
–  Оны  қоя  тұр.  Алдымен  ауылдың  алаңғасарының  күшін 
көрейік! – деді іргеге қарай ысырылған екі мырза.
Бала  еңкейе  беріп,  кеспекті  иығымен  нығырақ  тіреп  қағып 
жіберді.  Астына  салған  ломдар  мен  қада  ағаштар  шатыр-күтір 
етіп, біріне-бірі қағылып, бастары шошаңдасты да, отыз пұт тоң- 
май  құйған  кеспек  екі-үш  қаққанда  желге  ұшқан  ебелектей  до-
маланып, сарайдың есігіне барып та қалды. Шой табан екі зауыт 
атын жеккен жүк шанаға кеспектің қалай барып түсіп қалғанын 
тұрғандардың көзі шалмай да қалды.
– Ей, мынауың не істеп жіберді?
– Íе істегенін көрмей тұрмысың? Оның орнынан қозғай алмаған 
кеспекті шанаға апарып салып қойды. 
– Айтайын дегенім ол емес-ау, қожайын, тегі осы кәдімгі адам 
ба?..
– Енді кім?
– Бір жақтан келген дию ма, пері ме, бірдеңе шығар өзі. 


88
– Íе де болса, оның көтере алмағанды бір өзі көтере салды, жа-
райды. Міне, саған елу тиын, – деді май салған кеспектің қожасы.
– Жиырма тиынды мен берейін, – деді Масликов кең, барқыт 
шалбарының қалтасына баржиған семіз қолын сұғып жатып.
– Майлы бай, қанша қорбаңдасаң да, қолына бір сомдық сары 
шұнақ ілінбеді-ау, – деді екі бай бірін-бірі әзілмен қағытып.
– Сен енді байыдың. Қар күрегеніңе тиын алма, – деді қораны 
күретіп жатқан қамбашы.
– Óәделескен он бес тиынды әкел. Мен бай кісі емеспін, ол маған 
тамақ  болады.  Жетпіс  тиынды  ауылдағы  тарығып  отырған  әжеме 
жіберем,  –  деді  жалпақ  қайың  күрекпен  шөмелеген  қарды  биік 
қорадан асыра атып жатқан, беті бұрқыраған термен буланған бала.
–  Орлий,  сен  мына  қазақты  қолыңа  түсіріп  ал.  Кірекешіңе 
мұндай адам керек қой. Ол реті келгенде жиырма кісінің жұмысын 
істейді.  Жотасына  қарашы,  буыны  қатпаған  бала,  шойыннан 
құйған алыптардың ескерткіші сияқты...
–  Өзім  де  соны  ойлап,  жиырма  тиын  сыйлап  тұрмын.  Бірақ 
ол жиырма кісінің тамағын да ішеді ғой. Өзің айтқандай, буыны 
қатпаған бала, созыла беретін резеңке қанар сияқты болады.
– Íемене, саған үсіген картоп пен Есілдің сасыған шабағы жет-
пей ме? Бере бер астырып...
–  Иә,  оның  да  есебін  табармын.  Қысы-жазы  құмырсқадай 
шұбыртып,  жүргізіп  отырған  кіреге  мұндай  күш  керек.  Әсіресе 
ұзақ сапарға таптырмайды.
Бала қарын күреп болып, тиынын алған соң, Масликов қойын- 
дәптерін алып, балаға жымия қарап, әңгімеге кірісті.
– Бала, сен қайдан келдің, ә?.. Мен білем, сен Қызылжардікі 
емес. Қай болыс, қай ауылдікі?
Ақмола облысы, Сарытерек болысы, Құрама ауылынан. 
– Әкеңнің аты кім?
– Мұңайтпас Ернақов.
– Өз атың кім?
– Мұқан. Оны қайтесің?
– Сенімен тамыр болғым келіп тұр...
– Тамыр болып ат мінгізесің бе?
– Жарайды, мінгізейін. Сен маған жігіт боласың, дұрыс па?


89
– Болайын, айына не бересің?
–  Мен  саған  бәрін  берем.  Тамақ  менен  болады.  Сенің  киімің 
жоқ, киім берем, сондай айлық берем, айың бір сом сексен тиын.
–  Ей,  тамыр,  оның  аз  ғой.  Рас,  мен  жұмыс  іздеп  келдім. 
Әжем, әке-шешем бар, кедей кісіміз. Ең болмаса, менің тапқаным 
солардың қант, шай, нанына жететін болсын, аздап қосыңқыра.
–  Менен  басқа  кісі  саған  сексен  тиыннан  артық  бермейді.  Мен 
сені аяп, үлкен жігіттерге беретін айлық беріп тұрмын. Оның үстіне 
мына  алпамсадай  денеңе,  оны  киіммен  жабдықтауға,  ішетін  тама-
ғыңа екі-үш жігітке беретін қаржым артық шығатынын білесің бе?!
Бала ойланып тұрып-тұрып, келісімін берді.
Келешектегі  әлемдік  палуан  Қажымұқан  Масликовқа  осылай 
келіп жалшылыққа тұрды.
* * *
Мұқан Масликовтың үйіне келген күні жалпы кіреші жалшы-
лар  жататын  жатақханаға  орналасты.  Сабан  төселіп,  пеш  қойған 
сарайдың бір бұрышы тиді. Сонда түнеп шықты. Ертеңіне қожасы 
Мұқанды өз үйінің ауызбөлмесіне шақырып, отыз пұт кеспекті доп 
қылып  домалатқан  дәуді  өзінің  қатын-балаларына,  қонақтарына 
көрсетіп, оның көп жігітінің бірі  болғанын айтты. Күшті баланы 
айнала қарасып, бойын аршындап, салмағын өлшеп, Масликовтың 
кереметтей етіп айтқанына сенбеді.
–  Бұл  қалай  отыз  пұт  көтереді?  Бойы  жиырма  кез
1
,  салмағы 
200 қадақ
2
. Рас, мойны, қол-аяғы жуандау. Бірақ отыз пұт жүкті 
көтеруі  мүмкін  емес,  –  деп,  есепшісі  өзінің  өгіз  өлшейтін  есебін 
айтты. Өз сөзін қостамағанына Масликов та ренжіп:
–  Жарайды,  ендеше,  Мұңайтпасовтың  кереметін  кейін  көрер-
сіңдер, – деді.
–  Ал,  бала,  қалай  ұйықтадың?  Жатақхана  жылы  ма  екен? 
Жігіттердің  арасы  көңілді  болар?  Олар  домбыра  тартады,  өлең 
айтады,  карта  ойнайды.  Шынында  да,  біздің  үйден  сендердің 
жатақханаларың қызық...
1
 Кез – бір метр. 
2
 Қадақ – 400 грамға тең. 


90
Қажымұқан біртүрлі көңілсіздік кейпін көрсетіп:
– Қожайын, мен оншалығын білмеймін, түнімен ұйықтағаным 
жоқ, – деді.
– Íеге? Ішінде ұрыс, жанжал көп пе екен? Жанжалдасса, төртеу-
бесеуі жиылып отыз пұт болмайды, лақтырмайсың ба, шетінен...
–  Жоқ,  айта  көрмеңіз...  әжем  ұрысқан,  жаман  болады  деген. 
Менің төбелес, жанжалға жаным қас.
– Енді неге ұйықтай алмадың?
– Ұйықтай алмағаным, төсеген сабанның арасында тышқан бар 
екен. Олардың шиқылдаған дауысын естісем, зәрем кетеді.
Масликовтың  үй  іші,  өзі  қосылып  қарқылдап,  көздерінен 
жас аққанша күлді. Оның қорқатыны жататын жердегі тышқан 
екенін енді ұққан қожайын ойлана қарап, сөздің соңында күлген 
жоқ.
–  Міне,  отыз  пұт  көтерген  палуан...  Тышқаннан  басқа  неден 
қорқасың?
– Онан басқа еш нәрседен қорықпаймын.
– Қасқырдан ше?
–  Ой,  тәйірі,  қасқыр,  аю,  қабан  дегендер  –  ит  емес  пе,  ит-
тен  кісі  қорқа  ма?  Тек  мына  адам  жататын  жерде  тышқанның 
шиқылдағаны жаман...
Мұқанды асүйінің ауызбөлмесіне жататын етті де, өзіне екі ат, 
бір шана беріп, отын әкеліп тұру жұмысын тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет