ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ еРЛАн ЖҮніС (1984 æылы туған) Ерлан Жүніс 1984 жылы 7 қарашада Алматы
облысының Жамбыл ауданында туған. Мектеп-
те оқып жүрген кезінен поýзияға құштар жастың
«Жыр-перзент» деген алғашқы жинағы 2001 жылы
жарық көрді. Осы жылы республикалық «Абай
оқулары» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.
2002–2007 жылдар ара лығында М.Õ. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Әлем тілдері» факультетінде оқып білім алған. Республикалық
«Қазақ әдебиеті» және «Айқын» газеттерінде, «Кентавр» әдеби
апталығында қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағында
референт-кеңес ші болған.
2006 жылы Õалықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар
фестива лінде «Әдебиет» саласы бойынша Ãран-При және Пре-
зидент Кубогін иеленді. «Киелі түндердің дұғасы», «Егіз кітап»
(«Twinbook») (2011), «Õауас» (2013), «Ғаусар» (2014), «Үміт жыр-
лары» (2015) атты жыр жинақтары жарық көрді. 2012 жылғы
Мемлекеттік стипендияның және «Дарын» жастар сыйлығының
иегері.