Жаяу сүйреãен øана
Сағаттың тіліндей айналған күн өте берді. Мұқанның қарағайды
қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүкті
жалғыз тиегені аңыз болып айтылып жүрді. ×елябинск, Қазан,
Óфа, Самараға бірнеше рет барып та қайтты. Бойы өсіп, буыны
қатая түсіп, он сегіздегі жігіт болды.
Қыс ортасы ауып, ақпанның ішінде үсті-үстіне төпеп қар жа-
уып, Қызылжар айрықша суытты. Масликовтың үйіне отын да,
шөп те шақ келмеді. Ауыр жұмыс қайда болса, Мұқанды сонда
жұмсау әдетке айналды.
91
Айдың аяғына таман ішкі Ресейге кеткен көліктер келіп,
қаладан жиырма шақырым жердегі шөпке Мұқанның қасына төрт
шана қосып, бес көлік жіберді.
Масликовтың үй ішіне Мұқанның ауыр мінез, тілалғыш,
тәртіптілігі қатты ұнаған еді. Ол қандай жұмыс тапсырылса да
орындап келуіне әбден сенді. Сондықтан:
– Митька (оны Масликовтың үй іші «Мұқан» деуді қиын көріп,
«Митька» деп атап кетті), мүмкіндігің болғанша шөпті тез жеткізуге
тырыс. Басқаларға қарамай, шөбіңді алдымен тиеп ал да, келе бер.
Жолдан келген аттар тілін тістеп аш тұр, – деді қожасы.
– Жарайды, – деді тілалғыш Мұқан.
Түн ортасы ауа жүріп кеткен шөпшілер қар басқан соқпақпен
жүру ауыр болып аттарын болдыртып, әрең деп, түсте шөпке жетті.
Мұқан жақсы деген екі атты таңдап жексе де, ауыр жол аттарын
болдыртып тастады. Аяз сорып, әлсіреп келген жігіттер төбе болып
қар басқан шөпті көріп, үрейлері ұшты. Оның қарын аршу үшін
бір күн айналу керек сияқты. Жолдастары қарды қай жағынан ар-
шып, шөпті қалай тиеу керегін кеңесіп, әртүрлі тәсілдерін айтып,
көп тұруға айналды.
– Сүлдеміз сүйретіліп шөбіне әзер жетіп едік, енді мұны аршып
алу азабы шөппен бірге сүйегімізді шанаға салар, – деді тоңып,
жақ жүні үрпиген біреуі.
– Масликовтың бір сом сексен тиыны сол сүйегің үшін берілгенін
шөптің басына келгенде білдің бе?.. – деді шақ денелі сары жігіт.
– Мұның өзін мына бір жерден ашу оңай болар: үйінді қардың
ойпаттау жері екен. Шөптің түбіне шейін шана сыйғандай етіп,
қарын алсақ, төбесін басқан қарды кейін көреміз, – деп, тағы біреуі
үйілген шөпті айнала басып, төбе болып кеткен қарды төбесіне
шығып көріп жүрді.
Оған дәті шыдамаған Мұқан боран үріп, шөптің шеті көрініп
тұрған бір бұрышына келді де, жігінің арасына бастырықты ырғап-
ырғап сүңгітіп жіберіп, иығымен көтеріп тастады. Шөп-мөбімен
үйілген қар жел аударған түндіктей төңкеріліп түсті.
– Ой, мынау не істеді өзі?.. – десті, қалай ашып алудың ама-
лын таппай, есі шығып тұрған жолдастары. Оған Мұқан жа-
92
уап қайырмады. Бастырықты тағы бір сұғып, екінші көтеріп
тастағанда, үйілген шөптің жартысы ашылып қалды. Бір айыр
шөпті аттарының алдына апарып салды да, шанасын доғарып
сүйреткен бойы жақындатып әкеп, шөпті тией берді.
– Ей, сен не істеп жатырсың? Көмбе қарда атты қалай жекпексің,
батып кетеді ғой, – десті жолдастары.
– Менің оны өлшеп, ой тауысуға уақытым жоқ. Қожайын айт-
ты, бітті, менің шөпті тез жеткізуім керек. Осыдан басқа маған
түктің керегі жоқ.
– Мына күртік қар атты көтере алмайды деп тұрмыз ғой.
– Атты көтермесе, мені көтереді. Менің атқа шейін сүйреп
баруға мұршам келеді ғой деп тұрмын.
– Соны қойшы, нан жеп, әл жинайық та, сонан кейін қалай тиеп
алуды ойласармыз, әйтеуір, бала төбесін ашып, азапты жеңілдетті
ғой, – десті, суынған бойларын жылытқалы, беттерін уқалап,
қолын қолына соғып, жүгіріп жүрген жігіттер.
Жолдастары нандарын жеп болғанша, Мұқан шөпті таудай қып
тиеп болып, бастырығын тартып, жетегінен ұстап, ит шанадай
сүйретіп, аттарының қастарына апарып қойды да, ол да нанын жеді.
93
* * *
Мұқан атын жегіп, жеті-сегіз шақырымдай шыққанда, қарсы
алдынан боран соға бастады. Үйе тиелген шөпке қарсы соққан
қарлы жел шөп арасын көтеріп, өңменінен итергендей тіреп, аттың
аяғын қия басқызбады. Аттардың жүргенінен тұрғаны көбейді.
Күн батып, дүлей қараңғы түн басталды. Мұқан шананы сүйрелеп,
атқа көмектесті. Айыр шаншып, артынан да итеріп көрді. Шеке-
ден аққан тері өңіріне тамып, түйір-түйір мұз болып қатып жат-
ты. Қалаға жеті шақырым қалғанда, бір ат аяғын басуға мұршасы
келмей, төртаяқтап тұрып алды. Ûза кернеген шөпші айырын
шананың артына көмейлете шаншып қойды да, үрінді қарға көміліп
тұрған шананы итеріп кеп жібергенде, жүре алмай тұрған ортаға
жеккен ат, жетек сынып, бүктелген бойынша шананың астына
шалқасынан түсті. Жанына жеккен ат қайырылып, сыртқа шығып
кетті. Мұқан шананы кейін итеріп, астындағы атты босатқанша, ол
өліп кеткен еді. Шөпші біраз демін алып отырды да, өлген аттың
қолдауынан божыны екі қабаттап өткізіп алып, кеудесін көтеріп,
шөптің бастырығынан байлады да, басы көтеріліп салбырап тұрған
бөксесін иығына салып тұрып, шананың үстіне лақтырып жіберді.
Өзі бел көтергіш қайысты шанаға байлап, қалған атқа пар болып
шөпті сүйреп, қаланың шетіне шейін алып келді. Қалаға кірген
соң, ол ат та аяғын басудан қалды. Оны шананың артына байлай
салып, өзі жүкті сүйрей берді. Ел тұрып, қорасының айналасын
күрей бастағанда, адам сүйреткен дәу шана шөп бір атты үстіне
салып, бір атты артына байлап, Масликовтың қорасына кірді. Бұл
алып күштің кім екенін білу үшін, Масликовтың қорасына келген-
ше топ-тобымен қала адамы шананың артынан ерген еді.
Төбедей болып шөп үйілген шана қораға атсыз кіргенде,
Масликовтың үй іші, жалшы жігіттері үрейлене далаға шығысты.
– Ойбай, ат қайда?.. Иттің баласы, – деп жан дауысы шықты
байдың.
– Жоқ деген атың шананың үстінде, бір атың шөптің артында
байлаулы, қожайын, далада қалған еш нәрсең жоқ, – деді бала.
Қожайын өлген атты көріп:
– Шақырыңдар городовойды, мына шошқаға акт жасасын, –
деді.
94
Екі городовой келіп:
– Сүйрет шананы, шөп, атымен. Полицмейстерге алып бара-
мыз, – деді.
Үсті-басы термен буланып, аппақ қырау басқан Мұқан үстіндегі
өлген атымен шананы сүйретіп, полицмейстердің қорасына кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |