Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

Жутикова Н. В. Психологические уроки обыденной жизни:
Беседы психолога: книга для учителей и родителей.
 – М.: Просвещение, 1990. –154 б.
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
1. Мектептің əдістемелік бірлестігіне кіретін мұғалімдермен бүкіл 
шағын ұжыммен күрделі кəсіби жағдайларда бір-біріне көмек көрсету 
жөнінде шешім қабылданды. Мысалы, ƏБ педагогтарының біреуі 
кəсіби конкурстарға, біліктілік арттыру курстарында семинарларды 
жүргізуге, ашық сабақтардың дайындығына жəне т.б. қатысқанда, 
қалған мұғалімдер шетте қалған емес. Əдебиетті, дидактикалық мате-
риалдарды іріктеуде, тұсаукесерлерді жəне тағы басқаларын құрудағы 
көмек дəстүрлі болады. Жаңадан қабылданған мұғалім «өз проблема-
ларымды өзім шешем, басқаларына жетістіктерді қамтамасыз етемін 
деп уақытымды кетірмеймін» – деп осы тəжірибемен күрт келіспеді. 
Кейбір педагогтарда шынында əлі көрінбейтін осы ұстаным қолдау 
тапты, педагогтардың екінші бөлігі не боларын күтті, бірақ ƏБ 
мүшелерінің көбінде мұғалім көзқарасына, сондай-ақ, оның жеке 
ерекшеліктерін күрт қабылдаумашылық туындады. ƏБ-де қарым-
қатынастар анықтала бастады, өзара бірі-бірін жазғырды, біріне-бірі 
бергендерімен, ренжіткендерімен санасты.
2. Қаланың мықты мектебінің педагогикалық ұжымына ауыл 
мектебінен жұмыс өтілі аз жас мұғалім жұмысқа тұрды. Оның заманауи 
білім беру технологияларын, тəжірибелік-эксперименталдық жұмысты 
жүргізудегі құзыреттіліктермен игеру деңгейі, педагогиканың, 
психологияның, оқыту əдістемесінің заманауи бағытындағы эруди-
циясы керемет болған жоқ. Бірақ педагогтар арасында жұмысын енді 
бастап келе жатқан əріптесінің қиындықтарына қол ұшын бергендері 
болды: олар оны өзінің сабақтары мен сынып сағаттарына шақырды
оқыту мен тəрбиенің заманауи əдістерін игеруге көмектесті, ОЭР 
бағдарламасын əзірлеу жəне педагогикалық іздестіру əдістемесінде 
кеңес берді. Мектеп психологы, оның сынып оқушыларының диагнос-
тикалауын жүргізген соң, сынып жетекшісінің барлық сұрақтарына 
толық жауап беріп, психодиагностикалық деректерді пайдаланудағы 
көмекке бағытталған үлкен сұхбат жүргізді. Онда ашық тəрбие іс-
шарасын өткізу қажеттілігі туындағанда əріптестері осындай көмек 


189
көрсетті. Өзекті проблемаға арналған сынып сағаты жақсы деңгейде 
өтті. Əріптестерінің қуанышы шынайы болды. Əкімшілік осы іс-шара-
ны мектеп негізінде өткен əдістемелік семинар бағдарламасына қосты. 
Бұдан соң, ол біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына 
сабақ өткізу үшін шақыртылды, сондай-ақ олардың да бағасы жоғары 
болды. Оған өз тəжірибесін журнал мақаласында жариялау ұсынысы 
жасалды; материалын дайындаған соң тəжірибесі жоғары педагогті 
оқып редакциялауын өтінді. Оқу жылы соңында мұғалімге білім бөлімінің 
грамотасы берілді. Мектеп əкімшілігі де оны басқа педагогтарға үлгі етіп, 
жетістіктерін атап отырды. Бірақ ұжымда оған деген көзқарас күрт өзгерді: 
онымен қарым-қатынас формалды іскер байланыстармен шектелді, 
неғұрлым тығыз байланысқа түсуге деген талпынастар тоқталып қалды. 
Мұғалім, өз кезегінде, əріптестерін қызғанған деп кінəлады, қызғаныштың 
себебі деп өзінің олардан «асып кеткенін» айтты.
3. Мұғалімнің ұқыптылығы, басқалардың қиыншылықтарын 
жүрегіне жақын қабылдай білуі, өз мүдделерін қорғай алмауы, оған 
көп жағдайда көп уақыт алатын əртүрлі ұсақ істерін беруді негіздеді: 
балаларды мектептен тыс іс-шараға апару, қалалық білім бөліміне есеп 
берулерді жеткізу, əртүрлі есеп берулер үшін ақпарат жинау жəне ма-
териалдарды дайындау жəне т.б. Сонда бұл мұғалімде конкурстардағы 
жүлделі орындар, ғылыми-тəжірибелік конференциялардағы, ашық 
іс-шаралардағы сөз сөйлеулер сияқты едəуір кəсіби жетістіктер жоқ. 
Оқу жылы қорытындыларын шығара отырып, мектеп əкімшілігі 
жақсы көрсеткіштерге жеткен, өздерін көрсеткен мұғалімдерді атап 
өтеді. Біздің кейіпкеріміз ештеңесімен мақтана алмайды. Ол туралы 
қызықсыз, кəсіби жағынан қабілеті аз тұлға ретінде пікір қалыптасты. 
Бұл оның жұмысқа, оқушыларға деген қызығушылығы күннен-күнге 
төмендеуіне, бір істе өзін көрсетуге деген ынтасының сөнуіне əкеп 
соқты. Ол өзінің жұмысқа деген түңілген қарым-қатынасын, еңбекке де-
ген болашағының бұлыңғыр сенімділігін кез келген ыңғайлы жағдайда 
көрсетіп отырды жəне осы көңіл-күйі жұмыс бастап келе жатқан 
мұғалімдер арасында қолдау таба бастап, олардың еңбек құлшынысы 
біршама төмендеді. Олардың кейбіреуі жеке тапсырмалардан бас тарта 
бастады, олардың орындалуын созып немесе мүлдем орындамады. Өз 
ұстанымдарын моралды тұрғыдан дұрыс деп санаулары арта түсті. 
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. «Шиеленістер түрі» 12-суретінің негізінде еңбек ұжымында пай-
да болу мүмкін шиеленістердің негізгі түрлерін атап сипаттаңыз.


190
2. Оның өтуінде шиеленістің қандай мезгілдері мен кезеңдерін 
бөлуге болады?
3. Білім беру мекемесінің əкімшілігімен оны бастауыш кезеңдерінде 
басу, шиеленістің өршуіне жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылуы 
тиіс?
12-сурет. Шиеленістер түрі
4. М. М. Рыбаковамен бөлінген педагогикалық шиеленістердің 
ерекшеліктерін атаңыз. 
5. М. М. Рыбакованың пікірі бойынша білім алушылардың жəне білім 
берушінің арасында не нəрселер шиеленістердің себебі бола алады? 
6. Шиеленістерді шешудің құрылымдық əдістерін атаңыз жəне 
сипаттаңыз. 
7. К. Томастың шиеленісінде тəртіп стратегиясының негізінде 
қандай тұлғааралық əдістер бөлінеді?
8. Шиеленістерді шешудің əртүрлі əдістерінің мықты жəне əлсіз 
жақтарын сипаттаңыз.
9. 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА суреттелген жағдайды 
талдаңыз. З. Л. мұғалімінің оқушылармен əрекеттесуіндегі тұлғалық 
ерекшеліктерінің, оның əріптестер жəне оқушылармен қарым-қатынас 
мəнері салдарынан педагогикалық ұжымда шиеленістердің пайда болу 
мүмкін түрлерін сипаттаңыз.
Осындай шиеленістерге жол бермеу үшін мектеп басшылығы 
қандай əрекеттер қолдану керек?
Шиеленістер 
түрі
Көлемі 
бойынша
Өту 
ұзақтығы 
бойынша
Ұжым өміріне 
ықпал ету 
дəрежесі 
бойынша 
(қарқынды-
лығы)
Ұжымның 
кейінгі да-
муына ықпал 
ету бойынша
Пайда болу 
көзі 
бойынша


191
10. 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА келтірілген шиеленіс 
жағдайларымен танысыңыз. Келтірілген мысалдардың қайсысында 
ақпарат, құрылым, құндылықтар, қатынастар мен тəртіп шиеленістердің 
көздері болатынын көрсетіңіз.
11. 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАН қандай да бір шиеленіс 
жағдайын таңдаңыз. Н Қосымшада келтірілген келіссөздерді принципті 
жүргізу əдісінің негізінде білім беру мекемесінің əкімшілігімен оны 
шешу жолдарын ашыңыз (Р. Фишер, У. Юри).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет