Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

БІЛІМ САПАСЫ
оқыту мен ағартушылық сала-
сында бекітілген жəне көзделген 
қажеттіліктерді қанағаттандыру 
қабілетін беретін қасиеттер мен 
сипаттамалардың жиынтығы
бекітілген қажеттіліктер –
нормативтік құжаттарда көрсетілген
көзделген қажеттіліктер –
білім беру мекемесімен 
тұтынушының мүдделерін
диагностикалау негізінде 
анықталады


115
4.1.
– Дене, 
психикалық 
жəне құ-
лықтылық 
саулығы;
– Тəрбие-
лілігі
Өзінің 
Мен дегенін 
дамытуы
– Басқалары
4.2.
– БЕД 
сапасы;
– Кəсіп-
тілік дең-
гейі;
– Қыз-
меттің 
əртүрлі 
өнімдері;
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру 
тұжырымдамасында [3] білім сапасы білім берудің тұлға жəне қоғам-
ның қажеттіліктеріне барабар болу көрсеткішімен сипаталады 
делінген.
Мектеп білімінің сапасын арттыру, оның тиімділігі бірқатар 
проблемалардың шешілуіне байланысты екендігі анықталған. 
Тұжырымдама əзірлеушілері ең маңызды проблемалар қатарына 
келесілерді қосқан:
– басшылық, басқару, есептемелік жəне нəтижелер, жұмсалған 
ресурстар, үлгерушілік, дағдылар, проблемаларды шешу, командада 
жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту жəне т.б. бойынша нақты ақпарат ұсынуға 
мүмкіндік беретін тиісті құралдарды əзірлеу жүйесін жетілдіру;
– əкімшілік жүргізудің, мектептерді басқарудың саналы 
орталықсыздандыруын, білім сапасының сараптамасы жəне мектеп-
терге мақсаттарға жетуіне көмек көрсету үшін əріптестерді мүдделі 
тараптарды жəне жергілікті қоғамдастықтың жұмылдыруын жүргізу;
– білім беру, мектеп қызметінің сапасының мониторинг жүйесін 
құру;
– мектеппен демократиялық басқару қағидаттарын енгізу бойынша 
білім беру мекемелерінің қызметін белсендіру механизмін құру;
– педагогикалық үдеріске тиісті өзгерістерді кіргізіп отыру үшін, 
белгілі сыныптардың (4, 6, 10, 12) соңында білім сапасын тəуелсіз диа-
гностикалау қызметін құру;
– педагогикалық кадрларды дайындау бағдарламаларын аккредит-
теу, мұғалімдердің біліктілігін арттыруын ұйымдастырудың сертифи-
каттау жүйесін жəне т.с.с. жетілдіру.
Байқағанымыздай, сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді 
басқарумен, ұйымдарда заманауи менеджментті, оның ішінде сапа 
менеджменті қағидаларын енгізумен тығыз байланысты.
Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару 
– бұл кез келген жəне кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз 


116
бетімен болатындары емес, ал алдын ала белгілі, мүмкін болатын 
дəрежесі болжанған, білім нəтижелеріне жетуге ұйымдастырылған 
жəне бағытталған ерекше басқару. Сонда мақсаттар (нəтижелер) 
оқушының (түлектің) əлеуетті даму аймағында операциялар бойынша 
болжануға тиіс, яғни сөз ең жоғары, нақты оқушы үшін мүмкін бола-
тын, оңтайлы нəтижелер жайлы болуда [105]. Осы басқару білім беру 
саласындағы менеджерден мақсаттар мен нəтижелер бойынша сапа 
жөнінде анық, жүйелі елестетуді талап етеді. Оған жету қызметінің 
жəне ол басқаратын мекеменің қызмет етуінің негізгі бағдары болады.
Сапаны белсенді басқару ұйымдарда халықаралық ИСО 
стандарттарының талаптарына сəйкес құрылған сапа менеджмент 
жүйелерін құрудың алдын алды. СМЖ-нің деректері сапамен ойласты-
ра жұмыс істеудің негізі болады, оны жетілдіруге, белгіленген норма-
лардан ауытқуларды бақылап отыруға, сəйкессіздіктерді жоюға қажетті 
шараларды қабылдауға қабілетті екендігіне дəлел бола алады. Бірінші 
кезекте сапа менеджменті жүйелері өнеркəсіптік кəсіпорындарында, 
кəсіптілік корпорацияларда жəне т.б. құрылды жəне сертификатталды. 
ТМД жоғары оқу орындарының Болон процесі кеңестігіне ену олардың 
құрылымдарында СМЖ құруды негіздеді.
Заманауи ЖОО-ның қарқынды дамуы үшін білім сапасын басқару 
стратегиялық менеджмент тұжырымдамасын жүзеге асыруды көздейді. 
Бұл өз кезегінде бірқатар негізгі міндеттерді шешумен байланысты. 
«ЛЭТИ» Санкт-Петербург электртехникалық университеті 
дамуының стратегиялық жоспарын əзірлеу жəне жүзеге асыру 
тəжірибесі осы міндеттерге келесілер жататынын көрсетті [97]:
1. Стратегиялық диагностикалау. Стратегиялық шешімдерді 
қабылдау үшін ЖОО-ның мұқият талдауы жəне қаржы-экономикалық 
жағдайының нақты диагнозы ғана емес, сондай-ақ білім беру қызметтері 
жəне ғылыми-техникалық өнімнің нарығындағы жағдайының да нақты 
диагнозы қажет.
2. Стратегиялық мақсаттарды таңдау жəне негіздеу. Стратегиялық 
баламалардың талдауы, қандай да бір стратегияны жүзеге асырумен 
байланысты пайдалар мен тəуекелдердің бағалауы жүргізіледі.
3. Стратегиялық жоспарлау. ЖОО-ның ағымдағы жағдайының 
жəне ол қол жеткізуге ұмтылатын дəреженің арасында арақашықтық 
бар, ол көзделген мақсатқа жетелейтін өзгерістердің жүзеге асырылу-
ын қамтамасыз ететін мақсаттық (стратегиялық) бағдарламалар жəне 
жобалармен толықтырылады.
4. Стратегиялық контроллинг. Университет басшылығында негізгі 
көрсеткіштер (индикаторлар) бойынша стратегияны жүзеге асыру 
барысын қадағалауға жəне қажет болған жағдайда ЖОО дамуының 


117
стратегиялық жоспарын түзетуге немесе стратегиялық мақсаттарды 
қайта қарастыруға мүмкіндігі болу керек. Сонымен, тізбектің аяқталуы 
болады жəне стратегиялық басқару үдерісінің үздіксіздігі қамтамасыз 
етіледі.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де сапа менеджменті жүйесін 
құру жəне сертификаттау ЖОО стратегиясын, оның міндетін, сапа сая-
сатын анықтауды негіздеді (2-Қосымша материалды қараңыз). Білім 
беру мекемесінің қызметінде, яғни əрдайым жалпы көзқарастар басым 
болған орында, инвариациялық жəне вариациялықты түсіну дамудың 
философиялық заңдарына сəйкес əртүрлілікті жəне сол уақытта білім 
беру жүйесінің бірлігін ынталандыратын нарық экономикасының та-
лабы болуда [83]. 
Авторлар монографияларда [105, 34 б.]: «Мектеп білім беру сапа-
сымен не істей алады?» деген сұраққа жауап береді.
1. Мектеп бітіруші білім беру үдерісінен «шығарда» алатын 
дайындық сапасын (қасиеттерін) дұрыс болжауды, жобалауды, 
моделдеуді үйрену керек, яғни болашақтағы талап етілетін білім сапа-
сын анықтауды.
2. Білім сапасының талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, қолдау, 
одан керек емес ауытқуларды уақытында жөндеу.
3. Білім сапасын сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп жатқан та-
лаптарына сəйкес арттыру. Білім сапасының артуы тек білім дамуы 
(яғни, инновациялық үдеріс арқылы) арқылы мүмкін.
4. Білімнің нақты сапасын, оның талап етілетінге, стандарттарға 
сəйкес келуін анықтау жəне бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет