Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

МАТЕРИАЛДЫ қараңыз) жақын. В. А. Сухомлинский директоры 
болған Павлыш орта мектебінің қызметін ұйымдастыру өзінің анық 
көрінетін гуманистік сипатына қарай адами қатынастар мен тəртіптік 
көзқарас тұжырымдамасымен үйлеседі. И. П. Иванов Фрунзе ком-
мунасында құрып, жүзеге асырған ұжымдық шығармашылық əрекет 
тұжырымдамасында үдерістік көзқарас идеялары айқын көрінеді. 
TQM ұстанымдары сапа менеджменті жүйелерін құруға негіз бол-
ды, бұл жүйелер бүгінгі таңда ҚР көптеген жоғары жəне орта кəсіптік 
білім беру мекемелерінде енгізілген. Сапамен жалпы басқару идеялары, 
жалпы орта жəне мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін 
ұйымдастыру үшін де нəтижелі болды. 
М. А. Гончаров [27] менеджментті ресейлік жалпы білім беру 
мектебінде басқарудағы менеджментті басқару мүмкін бе деген сұраққа 
оң жауап қайтара отырып, келесі аргументтер келтіреді: 
– бір жағынан оқытудағы, тəрбиелеудегі жəне басқарудағы, мектеп 
өмірінің бүкіл болмысындағы біркелкілік, əкімшілік ету, өктемшілдік, 
формализмді жеңу жəне көзін жоюға, екінші жақтан – мектепішілік 
өмір мен басқаруды одан əрі демократизациялау жəне гуманизациялау, 
оқушы мен мұғалімнің жеке басының үйлесімді дамуына, олардың ын-
тасы мен шығармашылығының дамуына, өзін-өзі жетілдіру жəне өз 
қасиеттерін жүзеге асыруға ынталануына, өз табысы мен мектеп та-
бысына жету ынтасына, белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизм 
сезімін тəрбиелеуге жағымды жағдай жасауға бағытталған мектептің 
жаңаруы. 
– К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Н. А. Корф (1834-1883), Л. Н. Толстой, 
сондай-ақ Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Мака-
ренко, В. А. Сухомлинский жəне т.б. үздік педагогтар мен халықтық 
білім беруді ұйымдастырушылардың есімімен байланысты төңкеріске 
дейінгі жəне кеңес мектебінің демократиялық жəне гуманистік 
дəстүрлерінің болуы. 
– олар көптеген кедергілерге, көбінесе қуғындауларға да қарамастан, 
бүкіл педагогикалық жəне ұйымдастырушылық дарындарын, жаны 
мен тəнін балаларға, оларды оқытуға, тəрбиелеуге жəне дамытуға ар-
нады, оқушы мен мұғалімнің тұлғасына құрметпен қарауды талап етті; 
«барлық тəрбиешілер мен тəлімгерлердің адамгершілік жəне ақыл-
ой күштерін бір мақсат үшін ынтымақтасып бірігуін» қамтамасыз 
еткен (Н. И. Пирогов); мектеп істерін басқарудағы бюрократизм, 
əкімшілік ету жəне формализмге қарсы, оның демократияланды-


40
рылуы, алқалылығымен педагогикаландырылуы, өзін-өзі басқаруы 
үшін күресті; оқушылардың политехнизм мен кəсіпкерліктің оңтайлы 
үйлесуі, мектептің өмірмен, отбасымен, өндіріс жəне қоғаммен тығыз 
байланысы үшін күш салды.
Автор ол атап өткен алғышарттарға сүйене отырып:
1) біздің жағдайымызда менеджментті пайдалану жəне бейімдеу 
оның көптеген идеялары мен элементтері отандық мектепті басқару 
тəжірибесінде бұрыннан əзірленіп, жүзеге асырылу арқылы қамтамасыз 
етіледі; 
2) біздің жағдайымызға менеджментті бейімдеу арқылы мектеп 
басқаруды өз тəжірибемізді зерттеу, мəнін түсіну, пайдалану, оларды 
салыстырмалы түрде талдау жəне өзара байыту арқылы жүзеге асыру 
қажет; 
3) Ресей халқының басым бөлігінің дəстүрлі ресейлік ерекшелікте-
рін, психологиясы мен адамгершілік-этикалық құндылықтарын 
(соборлық, қауымдастық пен артельдік индивидуализмге қарама-
қарсылық ретінде, белгілі бір аскетизм мен байлыққа, бай адамдарға 
деген сыни, жиі дұшпандықпен қарау, рационализм мен прагматизмнің 
жетіспеушілігі, өкімет пен заңға қатысты белгілі бір индифиренттілік
«кеңестік өмір қалпына» жəне социалистік идеалдарға деген 
сақталып қалған адалдық) есепке ала отырып, сондай-ақ, қазіргі 
осы құндылықтарға қатысты өзгерістерді есепке ала отырып қана 
менеджментті бізде пайдалануға болады. 
4) бизнесте пайдаланылатын менеджментті біз мектеп саласына 
ауыстыратындығымыздан, педагогикалық менеджмент туралы сөз 
қозғау қажет. 
Білім беру жүйесінде басқару туралы ғылым Қазақстан (Б. А. Аль-
мухамбетов, Т. М. Баймолдаев, Ю. В. Баталов, А. А. Жайтапова, Ж. А. 
Караев, Б. А. Койшибаев, Ш. Таубаева, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель жəне 
басқалары) жəне Ресей ғалымдарының (Ю. П. Васильев, К. Я. Вазина, 
В. И. Зверева, Ю. А. Конаржевский, В. С. Лазарев, М. М. Поташник, П. 
И. Третьяков, В. П. Худоминский, Р. Х.Шакуров, Т. И. Шамова, В. А. 
Якунин жəне тағы басқалары) еңбектерінде ары қарай дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет