Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

 Сандық əдістер мектебі нақты ғылымдар дамуының салдары 
ретінде пайда болды, ол өндірістік үдерістердің, қызметкерлердің 
еңбек қызметінің күрделенуінің əсерінен пайда болды. Статистикалық 
əдістер кəсіпорынды басқаруда нақты, сандық деректерді пайдалануға
өнім сапасына əсер ететін мəнді, маңызы бар жəне мəні жоқ, маңызды 
емес себептерді айыруға мүмкіндік берді. Біржақты шешімі жоқ жəне 
уақыттың тығыз болып, ақпараттың үлкен көлемін өңдеу қажет болған 
кезде зерттеудің сандық əдістерін пайдаланудың маңызы зор. 
Сандық, əсіресе, статистикалық əдістерді енгізу жəне жария ету 
саласына В. Шухарттың «Өндірілетін өнім сапасын экономикалық 
бақылау» кітабы негіз болды жəне Эдвард Демингтің есімімен де бай-
ланысты. Деминг ХХ ғасырдың 40-жылдары жапондық менеджерлерді 
статистикалық əдістерге үйреткен. Жапония өнеркəсібінің өнімі 
сапасының жоғары деңгейі, сапаны басқару бойынша тиімді жұмыс 
белгілі бір дəрежеде осы оқытуға байланысты. 
Соғыстан кейінгі кезеңдегі КСРО-да да басқару теориясында 
математикалық əдістер кеңінен қолданыла бастады. Нақты айтқанда, 
Л. В. Канторовичтің «Өндірісті ұйымдастыру жəне жоспарлаудың 
математикалық əдістері» жұмысын атауға болады, осы жұмыс үшін 
ол Ленин жəне Нобель сыйлықтарына ие болды. В. В. Новожиловтың 
«Жоспарлы жəне жобалау нұсқалардың халық-шаруашылық тиімділігін 
салыстыру əдістері» жұмысында оңтайлы жоспарлау теориясының 
негіздері мазмұндалған. 
Өзінің келесі жұмыстарында Э. Деминг тек статистикалық 
əдістермен шектеліп қойған жоқ. Жүйелі тəсілдеме мəселелері 
қарастырылған ауқымды шығармасы Демингтің əйгілі циклі болды 
– PDCA (Plan, Do, Check, Action, яғни жоспар, жүзеге асыру, тексеру, 
əрекет), сондай-ақ сапаны арттыру, басқару мəселелері, соның ішінде 
сапа менеджменті Демингтің ұстанымдарында көрсетілген: 
1. Өнім мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған мақсат 
тұрақтылығы;
2. Жаңа философия: Жапонияда басталған жаңа экономикалық 
дəуірдің жаңа философиясын қабылдаңыз. Біз бұдан əрі əдетте 
қабылданатын кідірту, қателіктер, материалдардағы кемістіктер, 
жұмыстағы ақаулар деңгейімен келісе алмаймыз; 
3–7420


34
3. Сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тəуелділікті тоқтатыңыз; 
сапаны өнімнің ажырамас қасиеті етіп, сапаны өнім «ішіне құрып», 
жаппай бақылау жасау қажеттілігінен арылыңыз; 
4. Ең төмен бағамен сатып алу тəжірибесімен қоштасыңыз; оның 
орнына жалпы шығындарды азайтып, өндірісте қажет болатын əр өнім 
үшін белгілі бір жеткізушіні таңдауға ұмтылыңыз; 
5. Сапаны арттыру, өнімділікті арттыру жəне шығындарды азайту 
үшін əр үдерісті жақсартыңыз. 
6. Тəжірибеге кадрларды даярлау жəне қайта даярлауды енгізіңіз
7. «Көшбасшылық» жариялаңыз; қызметкерлерді басқару үдерісі 
оларға өз жұмысын жақсы істеуге көмектесуі қажет; қызметкерлерді 
басқару жүйесін мұқият қарастыру қажет;
8. Кəсіпорын үшін барлығы нəтижелі түрде жұмыс істеулері үшін 
қорқыныш, үрейлерді жойыңыз; 
9. Бөлімшелер арасындағы кедергілерді жойыңыз; өндіріс пен пай-
далану мəселелерінің алдын алу үшін зерттеулер, жобалау өндірісі 
жəне сату біріктірілуі қажет; 
10. Өндірістік қызметкерлерге, мысалы, «кемістіктер жоқ» сияқты 
бос ұрандардан немесе өнімділік бойынша жаңа тапсырмалардан бас 
тартыңыз. Бұндай ұрандардың мағынасы жоқ, себебі мəселелердің көбі 
жүйеде жəне жұмысшылардың мүмкіндіктерінен тыс пайда болады
11. Еркін белгіленген тапсырмалар мен сандық нормаларды 
жойыңыз; 
12. Жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз; 
жұмысшылар мен басшыларды өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігінен 
айыратын тосқауылдардан арылыңыз; 
13. Білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз; 
14. Сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың 
əрекеттілігі қажет [31]. 
А. Файольдың басқарудың негізгі жəне қосымша функцияларын 
нақты анықтауы, басқару тəжірибесіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет