117
стратегиялық жоспарын түзетуге немесе стратегиялық мақсаттарды
қайта қарастыруға мүмкіндігі болу керек. Сонымен, тізбектің аяқталуы
болады жəне стратегиялық басқару үдерісінің үздіксіздігі қамтамасыз
етіледі.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де сапа менеджменті жүйесін
құру жəне сертификаттау ЖОО стратегиясын, оның міндетін, сапа сая-
сатын анықтауды негіздеді (2-Қосымша материалды қараңыз). Білім
беру мекемесінің қызметінде, яғни əрдайым жалпы көзқарастар басым
болған орында, инвариациялық жəне вариациялықты түсіну дамудың
философиялық заңдарына сəйкес əртүрлілікті жəне сол уақытта білім
беру жүйесінің бірлігін ынталандыратын нарық экономикасының та-
лабы болуда [83].
Авторлар монографияларда [105, 34 б.]: «Мектеп білім беру сапа-
сымен не істей алады?» деген сұраққа жауап береді.
1. Мектеп бітіруші білім беру үдерісінен «шығарда» алатын
дайындық сапасын (қасиеттерін) дұрыс болжауды, жобалауды,
моделдеуді үйрену керек, яғни болашақтағы талап етілетін білім сапа-
сын анықтауды.
2. Білім сапасының талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, қолдау,
одан керек емес ауытқуларды уақытында жөндеу.
3. Білім сапасын сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп жатқан та-
лаптарына сəйкес арттыру. Білім сапасының артуы тек білім дамуы
(яғни, инновациялық үдеріс арқылы) арқылы мүмкін.
4. Білімнің нақты сапасын, оның талап етілетінге, стандарттарға
сəйкес келуін анықтау жəне бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: