Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Білім сапасы: мəні мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

1.5. Білім сапасы: мəні мен құрылымы
Нарықтық экономика жағдайларында кəсіпорындар мен 
ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен 
қызметтерінің сапасында негізделеді. Сапа ішкі жəне сыртқы нарықта 
фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының 
үздік бағыты болуда. Сапа түсінігі материалдық жəне рухани өндірістің 
əртүрлі аяларында басым болады, осының салдарынан менеджмент 
проблемалары бойынша жариялымдардың көптеген авторлары XXI 
ғасырды сапа ғасыры дейді.
Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ре-
сейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – 
квалиметрияның пайда болуына əкелді, оның басында Н. А. Селезне-
ва, А. И. Субетто, Ю. Г. Татур сияқты ғалымдар тұрды. Осы ғылыми 
саланың шегінде өз шешімін табуды керек ететін міндеттердің ара-
сында адам мен білім квалиметриясының философиялық негіздерін 
əзірлеу аталған. А. И. Субетто білім берудің бүкіл сан алуандығындағы 
сапасы туралы ғылым ретінде білім беру квалитологиясының 
тұжырымдамасын құрастыран. Осы тұжырымдама «сапа» түсінігінің 
мəнін, сапаны бағалаудың жергілікті операцияларынан басталатын 
жəне бүгінгі күні, сапаны басқарудың бүкіл үрдісін енгізетін, сапамен 
жұмыс істеудің дамуын айқындауда.
Осының салдарынан «сапа менеджменті» термині сапаның жүйелі 
түсінігін, оның қоғамдағы заманауи рөлін, оны басқарудың жүйелі 
көзқарасын көрсетеді.
Сапа санатының философиялық түсінігі «бағалау сипатында 
емес, сондықтан да сапаның философиялық баяндалуында сапаны 
өлшеу немесе басқалай бағалау, жаман жəне жақсы, төмен жəне 
жоғары сапаны айыру жəне т.б. мəселесін қою орынсыз» [105]. Ге-
гель, «сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік... Бір нəрсе 
өз сапасының арқасында бар болады жəне сапасын жоғалтқанда, 
өзі де жоқ болады» деп көрсеткен... [116]. ISO 9000:2008 «Сапа 
менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері жəне сөздік» халықаралық 
стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығымен талаптарды 
атқаратын дəреже сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» де-
ген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым 
объектінің, қызметтің жəне т.б. тұрақты сипаттамасына қатысты бо-
лады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жақсы деген сын 
есімдерімен қолданылуы мүмкін. Сонымен, осы термин сапаның 
философиялық түсінігімен қатар, өндірістік түсінігі үшін де жал-
пылауыш болуда [91].


112
Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін, осы 
өнімнің мəнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады. 
Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға 
ерекшеліктерінің негізіне қаланады. Осындай баян етілуде кез келген 
өнім сапасының екі белгісін бөледі:
1) онда белгілі қасиеттердің болуы;
2) олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес, 
тұтынушы ұстанымынан қарастыру [91, б.27].
Осы талдау беруде өнім тұтынушыларының бар сұраныстарымен 
қатар, əлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген.
А. И. Субетто сапаның заманауи баян етілуі келесі [98] аспектілерді 
көздейтінін көрсетеді:
– сапа қасиеттер жиынтығы болады;
– сапа - құрылымды;
– сапа - өсуде;
– сапа объектінің маңызды анықтылығы;
– сапа – объектінің болу негізі;
– сапа - объектінің жекелігін анықтайды;
– сапа - құнды;
Сапаның маңыздылығын осы проблеманы қарастырған көптеген 
авторлар да мойындайды. Олардың қатарына Ю. П. Адлер, В. И. Бай-
денко, Г. З. Байжасарова, М. Ж. Жадрина, А. А. Жайтапова, И. А. Зим-
няя, Ш. М. Каланова, В. А. Кальней, В. И. Качалов, Г. С. Ковалева, 
А. Н. Майоров, Г. С. Минажева, Г. Мутанов, М. М. Поташник, 
Д. В. Пузанков, Р. М. Салина, Н. А. Селезнева, А. И. Субетто, П. И. Тре-
тьяков, Н. Д. Хмель, С. Е. Шишов сияқты басқа отандық жəне шетел 
зерттеушілері жатады
Осы жұмыстарда сапа түсінігі құрастырылуының тари-
хи аспектілері менеджмент жəне мониторингте негізгі ретінде 
қарастырылған (Ю. П. Адлер, В. И. Байденко, А. И. Субетто), осы 
салаға қарасты терминдердің анықталуы берілген (Ш. М. Каланова, 
Р. М. Салина, Н. А.Селезнева), оның əртүрлі деңгейінде білім сапасы-
мен басқарудың маңыздылығы айтылған (Ю. В. Баталов, В. А. Каль-
ней, Г.С. Минажева, Ғ. Мұтанов, Солонин С. И., М. М.Поташник, 
Д. В. Пузанков, С. И. Солонин, П. И. Третьяков, Н. Д. Хмель, 
С. Е. Шишов), оның ішінде педагогтің дайындығындағы жəне оның 
біліктілігін арттырудағы маңыздылығы көрсетілген (А. А. Жайта-
пова, И. А. Зимняя, Г. Б. Скок), білім сапасы мониторингісінің, оны 
бағалаудың межелері мен əдістерін əзірлеу сұрақтары зерделенген 


113
(Г. З. Байжасарова, В. К. Бішімбаев, Ш. М. Каланова, А. Н. Майо-
ров, Т. В. Паньшина, Ш. Таубаева).
Заманауи педагогикалық əдебиетте «білім сапасы» термині əртүрлі 
түсіндіріледі. Оның келесі дефинициялары беріледі:
1. Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері 
оқу мен тəрбиенің жоспарланған мақсаттарына сəйкес қол жеткізген 
білімдер мен ептіліктердің, ақыл-ой, дене жəне адамгершілік дамуы-
ның белгілі деңгейі [77].
2. Білім сапасы – заманауи кезеңде экономика талаптарына сəйкес 
маманның кəсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын 
кəсіби сана сипаттамаларының кешені [87].
3. Білім сапасы – мақсат пен нəтиженің арақатынасы, мақсаттар 
(нəтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне жəне оқушының 
əлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету ша-
расы [105].
4. Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне 
нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның 
азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін 
анықтайтын əлеуметтік санат [117].
П. И. Третьяков жəне Т. И. Шамова, білім сапасының бар 
анықтамаларына талдау жүргізіп, зерттеушілер білім сапасының 
түсінігін баян етуде келесі бағдарлаумен байланысты əртүрлі уəждеу 
бағыттарын ұстанған деген қорытындыға келді:
– тұлға мен қоғамның қажеттіліктеріне;
– БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне жəне басқа əлеуметтік маңызды 
қасиеттерге;
– қасиеттер мен нəтижелердің жиынтығына;
– мақсаттар мен қорытындыларға;
– білім беру мекемесінің бекітілген жəне болжанатын қажеттілік-
терді қанағаттандыру қабілетіне.
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген за-
манауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын 
толық елестетуге мүмкіндік береді (9-сурет қараңыз). Осы ұғым білім 
сапасы жəне білімдер (немесе жоғары мектепке қатысты - маманды 
дайындау сапасы) сапасы түсініктері мүлдем ұқсас еместігін көрсетеді. 
Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл 
үдерісін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы/маманды да-
йындау сапасы осы үдерістің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты 
болады (6-кестені қараңыз).
8–7420


114
9-сурет. Білім сапасы жəне білім беру қажеттіліктері
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясы-
на сəйкес мынаны көздейді: 
– білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің 
талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет, 
бизнес, тұлға);
– мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің 
жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары 
қанағаттануы; 
– білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз 
жұмысымен қанағаттануы; 
– қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің 
біліктілігін арттыруы [97].
6-кесте. Білім беру сапасының құрылымы
1
2
3
4
Мақсаттар мен 
нормаларының сапа-
сы, қоғам жəне білім 
беру қызметтері 
тұтынушыларының 
(білім алушылар-
дың, олардың 
ата-аналарының 
жəне басқалардың) 
сұраныстарына 
сəйкес келу
Жағдайлардың, 
материалдық-
техникалық 
базаның, білім беру 
бағдарламаларының, 
əдістемелік 
жəне ақпараттық 
қамтамасыз етудің 
жəне басқалардың 
сапасы
Оқу-тəрбие 
үдерісінің 
сапасы
Педагог 
тің кəсіби 
жетілу 
үдерісінің 
сапасы
Соңғы нəтиженің 
сапасы (білім беру 
үдерісінің барлық 
субъектілерінің: 
оқушылардың да, 
педагогтардың да)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет