жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Кейнстің пікірінше, дағдарыстық экономика жағдайында
тұ
тынуға деген шекті бейімділіктің деңгейі өте төмен бола-
ды, сұраныс өзінің тиімді сұраныс шамасына жетпейді. Тиімді
сұ раныс – бұл өзінің жиынтық ұсынысын тапқан жəне соған
сəйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі. Бірақ бұл жерде
Кейнс толық жұмысбастылыққа сəйкес келетін тиімді сұра ныс -
ты кез дейсоқ жағдай деп есептейді.
Экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жиынтық
сұранысты ынталандыру үшін жүзеге асырылатын нақты (іс
жүзіндегі) инвестициялар жоспарланған жəне жоспарлан-
баған инвестициялар болып бөлінеді. Жоспарланбаған инвести-
циялар тауарлық-материалдық қорларға (ТМҚ) салынатын инвес-
тициялардың алдын ала қарастырылмаған өзгерістерін əрда йым
туындатып отырады. Мұндай инвестициялар экономикаға жи-
нақтар мен инвестициялардың нақты шамаларын тепе-теңдік
қалпына келтіріп отыру үшін жəне макроэкономикалық тепе-
теңдікті қалыптастыру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |