Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет108/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Y

D

 = C + I + G + X

n

Жоспарланған шығындар қисығын табу үшін оның құра-

мындағы барлық компоненттерді қосамыз (4.6-сурет). 

4.6-сурет. «Кейнс кресі» үлгісі

А нүктесінде жиынтық шығындар ұлттық табысқа тең болады. 

Бірінші жағдайда, егер Y

1

 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y



0

-

ден жоғары болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен аз 



болады E



< Y

1

, бұл жағдайда ТМҚ көлемі артады. Сатып алушы-



лар тауарларды фирмалардың өндіргеніне қарағанда аз тұтынады, 

яғни AD < AS құбылысы орын алады. Фирмалар осыны болдыр-

мас үшін өндіріс көлемін Y

0

-ге дейін қысқартуға мəжбүр болады.



Екінші жағдайда, егер Y

2

 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік 



Y

0

-ден төмен болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен 



көп болады E

> Y



2

, бұл жағдайда ТМҚ көлемі кемиді. Сатып алу-

шылар тауарларды сатып алушылардың тұтынғанына қарағанда 

кем өндіреді, яғни AD > AS құбылысы орын алады. Сəйкесінше, 

фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін Y

0

-ге дейін 



арттыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, «Кейнс кресі» үлгісі – бұл бағалардың икемсіздігі 

мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағда-

йында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтар 

дың, 



96

жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың жəне сəй кесін-

ше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін 

қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарас-

тыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-

теңдік.


Кейнстік макроэкономикалық талдауда мультипликатор тео-

риясы аса маңызды орын алады. Мультипликатор ұғымы дəлме-

дəл аударғанда «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді. Муль-

типликатор əсерінің мəні: жиынтық сұраныстың құрамындағы 

кез келген автономды құрауыштың (C, I, G, X

n

) бір мəрте өсуіне 



байланысты экономикадағы ұлттық табыстың бірнеше есе ар- 

туы. Немесе, ойымызды басқаша өрбітетін болсақ, суға тасталған 

тас өзінің айналасында толқындарды туғызатындай, экономикаға 

«тас талған» автономды шығындар табыс пен жұмысбастылықтың 

өсуі түріндегі тізбекті реакция əсерін туғызады.

Мысалы, жиынтық шығындардың бір құрауышы ретінде ав-

тономды тұтынудың ұлттық табысқа əсері арқылы автономды 

шығындар мультипликаторын зерттеуге болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет