Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


∆Y g  = ∆G×m g  = 100 × 5 = 500. Ал



Pdf көрінісі
бет141/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   525
 

∆Y

g



 = ∆G×m

g

 = 100 × 5 = 500.



Ал  салықтардың өсуі нəтижесінде болған Y-дің қысқаруы 

мынаған тең болды:



 

∆Y

t



 = ∆T×m

g

 = 100 × (–4) = –400.



Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған 

тең болады:

∆Y = ∆Y

g

 + ∆Y



t

 = 500 – 400 = 100, яғни өндіріс көлемі 

мемлекеттік шығындар мен салықтардың бастапқы өзгерістері 

сияқты шамаға өзгереді.

Бұл қорытынды экономикадан 1989 жылғы Нобель сый лы-

ғының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен 

байланысты «Хаавельмо теоремасы» деген атқа ие болды. 

Баланстанған бюджет мультипликаторының əрекеті мынамен 

байланысты, яғни мемлекеттік шығындардың ұлғаюы əсеріне 

қарағанда, салықтардың өсімінен болған мультипликативтік 

əсер əлсіздеу болады. Сондықтан салық саясаты ЖІӨ көлеміне 

əсер ететін жанама шараларға, құралға жатады, ал сол мезетте 

мемлекеттік шығындарды өсіру арқылы үкімет ЖІӨ-ге тікелей 



121

əсер ете алады. Мұндай ерекшелік бюджет-салық саясатының 

құралдарын таңдау кезінде шешуші болып табылады: экономика-

да циклдік құлдыраудың алдын алу үшін мемлекеттік шығындар 

артады (бұл аса күшті ынталандырушылық əсер болып табылады), 

ал экономикалық өрлеу жағдайында инфляциялық дүмпулерді 

басу үшін салықтар өседі (бұл сондай жұмсақ шектеуші шара 

ретінде саналады).

«Ұсыныс экономикасы» теориясын жақтаушылар салық мөл-

шерлемесін төмендетуді экономикалық өсудің маңызды факто-

ры деп санайды. Американдық экономист Артур Лаффер (1941 

жылы туылған) өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ президенті 

Рональд Рейганның экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына 

қатысу барысында өзінің теориясын қалыптастырды. Ол «Лаф-

фер қисығы» арқылы сипатталатын «Лаффер əсері» деген атқа ие 

болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет