G = С
G
+ I
G
+ Tr + rD
G
.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі де аса
маңызды. Мемлекеттік кірістің көздері мыналар:
1. Салықтар (Т
х
), соның ішінде, тікелей (Т
х
dir
) жəне жанама
(Т
х
ind
) салықтар. Олай болса, жиынтық салықтар мынаған тең:
Т
х
= Т
х
dir
+ Т
х
ind
.
Осы жерде, таза салықтар (Т) деген ұғым да қарастырылады.
Таза салықтар – жиынтық салықтар мен трансферттік шы-
ғындардың арасындағы айырма:
Т = Т
х
– Тr.
2. Мемлекеттік секторда игіліктерді өндіріп сатуынан
түскен мемлекеттің факторлық табыстары (Y
G
).
3. Мемлекеттік қарызды жасау жəне одан түскен табыс-
тар (D
G
).
Толығырақ, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
туралы категорияларды төмендегі кестемен түсіндіруге болады.
Бюджет-салық саясатын əзірлеу жəне оны іске асыру жауап-
кершілігін мемлекеттің атқарушы жəне заң шығарушы билік ор-
гандары өз мойнына алады. Экономикалық саясатпен қарулан -
ған саяси үрдіс өте күрделі құбылыс болып табылады жəне ол
үнемі жетілділіріп отыруды талап етеді. Тарихи тұрғыдан алған-
да, мемлекеттік шығындардың жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ)
құрамындағы үлесі ХХ ғасыр бойы өсудің тұрақты үрдісінде
болды. Сол уақытта, неміс экономисі Адольф Вагнер осы үрдісті
бірінші болып байқағандықтан, «Вагнер заңы» деген құбылыс
пайда болды.
Вагнер заңы – бұл əлемдік экономиканың дамуымен байла-
нысты ЖҰӨ-гі мемлекеттік шығындар үлесінің тұрақты түрде
өсіп отыру құбылысы.
Біз білетініміздей, мемлекеттік бюджеттің үш күйі қарасты-
рылады:
|