3. М2 ақша агрегаты 500 млрд. долларға тең. Жедел ақша са-
лымдары 150 млрд. долларға тең. Жинақтау салымдары 60 млрд.
долларға тең. М1 ақша агрегаты қаншаға тең?
а) 650 млрд. долларға
ə) 590 млрд. долларға
б) 350 млрд. долларға
в) 290 млрд. долларға
4. Мына активтердің қайсысы жоғары өтімділікке ие болады?
а) «Запорожец» автомобилі
ə) қолма-қол ақшалар
б) алтын сақина
в) қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар
5. Банктердің инвесторлардан айырмашылығы қалай көрінеді?
Олар:
а) бағалы қағаздарды сатады жəне сатып алады
ə) капиталдың көзі болып табылады
б) депозиттерді тарту арқылы ақша ресурстарын шоғырландырады;
в) тартылған ресурстарға ақша төлейді
6. Ақша ұсынысының өсуі жалпы өндіріс көлемін қай мерзімде
өсіруі мүмкін?
а) қысқа мерзімде
ə) ұзақ мерзімде
б) қысқа мерзімде де жəне ұзақ мерзімде де
в) дұрыс жауабы жоқ
|