Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Шектеуші ақша-несие саясаты



Pdf көрінісі
бет206/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   525
Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – 

экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының 

көлемін қысқартуға жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған 

саясат.


Экономиканың циклдік ауытқулары мен толқуларын жұм-

сарту жəне қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк ынталан-

дырушы немесе шектеуші ақша-несие саясатын жүргізу бары-

сында өз қарамағында жоғарыда аталып өткен құралдар кешенін 

қолданады.

Өндірістің құлдыруы мен жұмыссыздықтың өсуі жағдайында 

Ұлттық банк «жұмсақ» ынталандырушы саясатты жүргізеді, 

мұны басқаша, «арзан ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл сая-

сат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі: 



173

• есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерле-

месін) төмендету

• міндетті резервтер нормасын төмендету; 

• халықтан жəне коммерциялық банктерден бағалы қағаздар-

ды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сатып алу.

Осындай шараларды атқарудың нəтижесінде коммерция лық 

банктердің артық резервтері көбейеді, олардың несиелік мүм-

кіндіктері кеңейеді, жалпы алғанда елде ақша ұсынысы өседі. 

Ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесін төмендетеді, ал 

соңында инвестициялардың өсуі орын алып, ұлттық өндірістің 

көлемі артады.

Экономиканың қызып кетуі жағдайында, яғни экономика 

артық шығындар мен инфляцияға тап болғанда Ұлттық банк 

«қатаң» ақша-несие саясатын іске асырады, мұны басқаша, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет