ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке та-
болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға
227
мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның
өсуінің бəсеңдеуі дезинфляция деп атайды.
Экономикалық құбылыс ретінде əлем экономикасында, ин-
фляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда.
Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен жəне оның
қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі
– «infl atio» – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-
1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы
қағаз ақшалардың тым көбейіп кету үдерісін білдірген. Осы
түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла баста-
ды. Экономикалық əдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес
үкіметінің экономикалық əдебиеттерінде 20-жылдардың орта
кезінде көрінді.
Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен са-
лыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни
ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша
ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан
артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс
пен ұсыныстың сəйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Ин-
фляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты
экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа
да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің
өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге бол-
майды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал
кейбір бағалар төмендейді.
Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық жəне мо-
нетарлық емес болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: