Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет280/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Оңтайлы күтімдер (рациональные ожидания) – бұл эко-

номикалық субъектілердің өздерінің инфляциялық болжамда-

рында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдала-

на алу мүмкіндіктері жəне олар өз есептеулерінде қателеспейді 

деген болжамдар. 

10.6-сурет.  Бейімделушілік күтімдер теориясындағы Филлипс қисығы

10.6-суретке сəйкес, инфляцияның нақты қарқыны əрбір келесі 

кезеңде оның күтілетін деңгейінен асып кетіп отыратындығын 

байқаймыз. Əзірге экономикалық субъектілердің төмендетіл ген 

инфляциялық болжамдары сақталып тұрғанда мемлекеттің ын-

таландырушылық экономикалық саясаты қысқа мерзімде жұ-

мыссыздықты төмендетіп, өндірістің нақты көлемін арттыруға 

ықпал жасайды. Енді уақыт өте келе экономикалық субъектілер 

бағалар мен жалақының өсуін таза инфляциялық құбылыс екенін 

кешігіп барып сезінеді. Олар өздерінің инфляциялық болжамда-

рына түзету енгізіп, оның жоғары жаңа деңгейін күтуге бейімделе 

бастайды. Уақытша төмендеген жұмыссыздық бұрынғы қалпына 




238

қайтып келеді. Егер мемлекеттің саясаты əрі қарай жүргізілсе, 

онда барлық үрдіс инфляцияның аса жоғары деңгейлерімен со-

лай жалғаса береді. Ұзақ мерзімде экономика А

1

 нүктесінен A



2

 

нүктесіне, содан соң А



3

 нүктесіне жəне солай жоғарыға жылжи 

береді, яғни Филлипс қисығы тік сызыққа айналады.

Оңтайлы күтімдер теориясына байланысты, экономикалық 

субъектілердің инфляциялық күтімдері болашақта үнемі оның 

нақты деңгейімен сəйкес келіп отырады (10.7-сурет). Егер мем-

лекет ынталандырушы саясатты жүргізуге ынталы болса, онда 

кəсіпкерлер елдің ішінде бағаның жалпы деңгейінің өскен-

дігіне қолындағы бар ақпаратты сəтті пайдалана отырып көз 

жеткізеді. Мемлекеттің жиынтық сұранысты ынталандыруы 

жиын тық ұсынысты қысқа мерзімнің өзінде де арттыра алмай-

ды. Экономикалық жүйе мұндай жағдайда бірден А

1

 нүктесінен 



А

2

 нүктесіне ауысады жəне т.с.с. Мемлекеттің жұмыссыздықты 



төмендетуге бағытталған шаралары тек бағалардың өсуін ғана 

туғызып, ешқандай нəтиже алып келмейді.



10.7-сурет.  Оңтайлы күтімдер теориясындағы Филлипс қисығы

Бейімделушілік жəне оңтайлы күтімдер теориясы шеңберінде 

Филлипстің ұзақ мерзімдегі қисығын зерттеу үкіметтің толық 

жұмысбастылық жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру 

жолымен өндірісті кеңейтуге бағытталған шаралары инфляциялық 

үдерістердің күшеюіне алып келетіндігін көрсетеді. Инфляцияны 

басқару үшін іс-шаралардың ауқымды кешені қолданылуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет