Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Инфляцияның əлеуметтік-экономикалық зардаптары



Pdf көрінісі
бет277/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   525
Инфляцияның əлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кəсіпорындардың жəне мемлекет-

тің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл 

атаулы жəне нақты табыстарының арасындағы айырмашылық-

пен анықталады. Мұндай жағдайда əдетте, тұрақты (тіркелген) 

табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді

яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.



234

2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып ке-

леді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы ба-

ийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның 

белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі 

бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарыла-

ды. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұта-

ды. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың 

пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс 

пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің 

құнын арттырады.

3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлық-

материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғын-

дар мен кəсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін 

ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға ай-

налдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында 

ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды 

дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нəтижесі сұраныс 

инфляциясының күшеюіне алып келеді.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндік-

терін төмендетеді.

5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құн-

сыздандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі 

бұзылады жəне үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің 

(салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты 

құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамау-

ға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын 

ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның 

қар жылық ресурстары қысқарады.

6. Инфляция тұрғындар мен кəсіпорындардың ақша қара-

жаттарын салықтар арқылы жасырын тəркілеуге алып келеді. 

Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық 

салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет