аса маңызды мəселесі болып табылады. Алдымен, «экономикалық
өсу» мен «экономикалық даму» ұғымдарын ажырата білу қажет.
Экономикалық даму экономиканың өсуімен қатар экономиканың
281
Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономи-
касында белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен
көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің
экономикалық əлеуетінің ұлғаюын көрсетеді.
Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен
қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мер-
зімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи
дəрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Сай-
мон Кузнец дамыған елдердің экономикалық өсуінің бірқатар
көрсеткіштерін атап өтеді:
−
жан басына шаққандағы табыстың өсуінің аса жоғары қар-
қыны;
−
өндіріс факторлары өнімділігінің аса жоғары қарқынмен
шап шаң өсуі;
−
экономиканы жаңа бағыттарға қайта құрудың аса жоғары
қарқыны;
−
əлеуметтік, саяси жəне идеологиялық түрлендірудің аса
жоғары қарқыны;
−
экономикалық өсудің халықаралық масштабтары.
Достарыңызбен бөлісу: