Экономикалық өсудің тиімділігі – бұл тауарлар мен қыз-
меттердің сапасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін
көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандыры-
луын тереңдету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру
сияқты экономикалық қызметтің əртүрлі бағыттарын қамтитын
кең мағыналы ұғым.
Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материал-
дық жағдайларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салалары-
ның даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды
күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайлары-
ның қауіпсіздігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамта масыз
ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңыз-
ды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының да-
муының əлеуметтік бағыттылығы.
Экономикалық өсудің қарқыны мен оның сапасы арасында
белгілі бір өзара байланыс болады. Бірқатар жағдайларда, эко-
номикалық өсудің жоғары қарқыны сапаның өсуімен сəйкес
жүрмеуі мүмкін немесе керісінше, экономиканың өсудің тым
əлсіз қарқыны өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік бе-
руі мүмкін. Сондықтан көптеген экономистер қазіргі уақытта
экономикалық өсудің тұрақтылығын көрсететін өсудің орташа
қарқынын (жылына 2-3%) қамтамасыз ету əлдеқайда тиімдірек
деп санайды. Олай болса, дамыған елдердегі экономикалық өсудің
стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-3%-ды құрайды де-
ген сөз. Бұл жерде осындай стандартты өсу жұмыссыздық пен
инфляцияның қалыпты деңгейіне сəйкес келетін жұмыспен то-
лық қамту деңгейімен ұштастырылуы тиіс. Бірақ кез келген
283
экономикалық өсудің əрқашанда оң нəтижеге əкеле бермейтін-
дігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де бо-
лады. Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл əлемдік тəжіри-
беде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы
жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.
Ал қазіргі дамыған нарықтық экономика жағдайында эко-
но
микалық өсудің шын мəніндегі көрінісін тепе-теңдіктік эко-
номикалық өсу сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |