ГЛОССАРИЙ
Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің сая-
сатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің
циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық
тетіктер жүйесі.
Автономды (тəуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне
байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар
техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық санының өсуі, сыртқы
нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептер-
ге байланысты пайда болады. Мұндай инвестициялардың көзі болып
əдетте, мемлекет бюджет табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |