Автономды шығындар мультипликаторы – ұлттық табыс немесе
тепе-теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы автономды шы-
ғындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатынасын сипаттай-
тын сандық коэффициент.
«АD-АS» үлгісі – шығарылым көлемі мен баға деңгейінің
ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы
түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель.
AD-ның бағалық емес факторлары – сол AD-ның негізгі құ-
рауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығын-
дарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза экспортқа əсер ететін барлық
факторлар.
Агрегаттау – берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді
біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру.
Аг регатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін си-
паттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы
ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық
деңгейі, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |