Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, не-
сие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі.
Ақша-несие саясаты – ақша айналымы мен несие жүйесі саласын-
дағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар
жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономи-
калық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі.
Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнім-
дер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік мекемелер –
эконо миканың нақты салалары мен аяларын несиелеумен айналысатын
банктік емес ұйымдар.
Артық резервтер – күтпеген жағдайлардан сақтану үшін жəне өтім-
ділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті ре-
зервтерден артылып қалған сомалар.
Атаулы валюта бағамы – екі ел валюталарының салыстырмалы
бағасы. Яғни, бір ел валютасының екінші ел валютасына шаққандағы
бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «айырбас бағамы»
ұғымы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |