Қорытынды баланс – сауда балансын, ағымдық операциялар ба-
лансын жəне капитал қозғалысы балансын өзіне қосатын жиынтық ба-
ланс.
Қосылған құн – шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды
шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауардың құны шикізат
бағасы, басқару, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім
құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды ше-
герсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
Құрылымдық бюджет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен
нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасын-
дағы айырмашылық, яғни ол толық жұмысбастылық пен нақты салық
салу жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген
сұраныстың сəйкес келмеуінен пайда болатын мəжбүрлі ұзақ мерзімді
жұмыссыздық.
Лаффер əсері – кəсіпкерлік табысқа салынатын салықтардың тым
жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы
мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың
көлеңкелі экономикаға өтуі.
Лаффер қисығы – бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық
мөлшерлемесінің деңгейіне тəуелділігін сипаттайтын қисық сызық.
Достарыңызбен бөлісу: |