Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық пен инфляциясыз
жағдай дағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі.
Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге
қатысты факторлар. Оларға əдетте тұтыну мен инвестицияны жат-
қызады. Сондықтан бұл бағытта экономикалық циклдің мəселелері
сұраныс теориясы, мультипликатор-акселератор механизмі арқылы
зерттеледі.
Экзогенді (сыртқы) айнымалылар – үлгіні құруға дейін анық-
талатын бастапқы ақпараттар, олар үлгіге сырттан келеді.
Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыссыз -
дық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға жəне экономикалық
өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, соны-
мен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде
ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық саясатының
кешенді іс-шаралары.
Экономикалық даму – экономиканың өсуімен қатар экономиканың
құлдырау үрдістерін де өзіне жатқызатын аса кең мағыналы ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |