Экономикалық өсудің тиімділігі – тауарлар мен қызметтердің са-
пасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа
түрлерін жасау, өндірістің мамандандырылуын тереңдету, инновация-
лар мен жаңа технологияларды игеру сияқты экономикалық қызметтің
əртүрлі бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.
Экспорт – тауарларды сыртқы нарықтарда өткізу үшін сыртқа
шығару, сондай-ақ, шетелдерде шығарылған тауарларды кері экспорт-
тау.
Экспорттық квота – экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан
шектейтін əдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін экспорттың
алатын рөлін көрсету үшін қолданылады.
Экспорттық субсидиялар – үкіметтің экспорттық тауар
өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері.
Экспорттық тариф – экспортқа шығарылатын отандық тауарларды
мемлекеттік реттеу үшін қолданылатын салықтың бір түрі.
|