Үлгілеу дегеніміз – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен
үрдістерді, олардың арасындағы функционалдық өзара байла-
ныстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық
сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру. Макроэкономика-
лық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі:
- жалпылау дəрежесі бойынша: абстрактілі-теоретикалық
жəне нақтылы-экономикалық;
- құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен
көлемді;
- элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай:
сызықтық жəне сызықтық емес;
- қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық:
жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық –
халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;
- уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт
факторы есепке алынбайды, динамикалық – уақыт фактор ретінде
қаралады.
Макроэкономикада əртүрлі үлгілер қолданылады: ұлттық
экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі, AD-AS үлгісі, Кейнс
кресі үлгісі, IS-LM үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, Харрод үлгісі,
Самуэльсон-Хикс үлгісі, Манделл-Флеминг үлгісі жəне т.б. Осы
үлгілердің барлығы жалпы құралдар ретінде қолданылып, ұлттық
ерекшеліктерге ие бола алмайды. Кез келген үлгі нақты елдің
экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне бай-
ланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үдерістер
15
динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты ба-
ғалануы тиіс.
Əрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы – фактор-
ларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мəселені
макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті. Əрбір
үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: |