Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын,
ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін
жəне төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысы-
нан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттей-
тін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (ірілен-
ген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен
көрсеткіштерді зерттейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы
агрегатталған мінез-құлықтар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым.
Макроэкономика – бұл əлемде болып жатқан ғаламдық эко-
номикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық эконо-
микамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерек-
ше ғылым.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін
негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланысты
ра-
ды. Олар берілген негізгі анықтамалардан туындайды: жұмыс-
бастылық, инфляция, экономикалық өсу жəне төлем балансы.
Достарыңызбен бөлісу: |