алу келісімі (РЕПО) нысанында жүргізіледі. Оның жүргізілуі нің
мəні, яғни Ұлттық банк бағалы қағаздарды белгіленген уақыты
біткеннен кейін аса жоғары бағамен міндетті түрде қайтара сатып
алу жағдайында сатады.
Ақша-несие саясатының енжар жəне белсенді деген түр ле рін
бөліп көрсетуге болады.
Енжар ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің бюджет-са-
лық саясатын жүзеге асыруынан туындаған ақша параметр лерін
өзгерту.
Белсенді ақша-несие саясаты – бұл алға қойылған мақ-
саттарға жету үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше
құралдарының көмегімен ақша нарығына əсер етуі.
Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынта-
ландырушы жəне шектеуші.
Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспан-
сия) – бұл ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның бағасын (па-
йыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық
белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат.
Достарыңызбен бөлісу: |