Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет313/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Саяси циклдер теориясы.

Бірқатар экономистердің зерттеулерінде, экономикалық жағ -

даяттың толқулары мемлекеттің жүргізетін экономикалық сая-

сатымен, ең алдымен, ақша-несие саясатының жүргізілуі нəти-

жесінен туындайтын саяси сілкіністерге байланысты туындайды 

деп айтылады. Осы теорияны монетаризмнің басты өкілі Милтон 

Фридмен өз еңбектерінде іске асырды. Ол АҚШ экономикасының 

циклдік кезеңдеріне зерттеу жүргізіп мынадай қорытындыға кел-

ген: АҚШ экономикасы ауытқуларының көп 

шілігіне айналым-

дағы ақша санының жиі өзгерістері сəйкес келеді. Федералды ре-

зерв жүйесі (ФРЖ) ақша саясатын қате жүргізіп, ел экономикасын 

Ұлы депрессияға ұшыратты, яғни ақша базасын күрт қысқарту-

ға жол беріп, рецессия кезеңдерінде ел экономикасында жағым-

сыз жағдайларды күшейтті. Монетарист -ғалымдардың ойынша, 

айналымдағы ақша массасының өсу қарқыны ауытқымалы кезең 

(цикл) бойынша өзгеріп, бизнес-циклдің серпінін басқарып оты-

руы тиіс.

Біз білетініміздей, М. Фридмен осыған сəйкес, өзінің «ақша 

ережесі» теориясын алға тартады: ФРЖ іскерлік циклді жұмсарту 

мақсатында ЖІӨ-нің атаулы шамасына байланысты айналымдағы 

ақша масасын тұрақты түрде өсіріп отыруды қолдап саналы сая-

сатты жүргізуге міндетті. 

М. Фридменнің «ақша ережесі» теңдеуі ақша массасы өсімінің 

шамасын анықтайды:

ΔМ = ΔР + ΔY

мұнда, ΔМ  – ақша өсімінің орташа жылдық қарқыны, ұзақ 

мерзімге пайызбен; ΔР – күтілетін инфляция деңгейінің орташа 

жылдық қарқыны, ұзақ мерзімге пайызбен; ΔY – ЖІӨ-нің орташа 

жылдық өсімі, ұзақ мерзімге пайызбен.

Ақша ережесі ақша массасының тұрақты жəне сенімді түрде 

өсуін жылына 3-5% аралығында болуы қажет деп болжайды. 



266

Бұдан басқа, ақша саясатының өзі елдегі саяси бағыттың ауысуы 

нəтижесінде де өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, экономиканың 

жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларға ел ішінде жү-

гізіліп жатқан сайлау додалары əсер етуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет