Жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы.
Жиынтық сұраныстың өзгеру импульсі ретінде үкіметтің
жүргізетін ақшалық экспансиясы қолданылады. Номиналды
жиын тық сұраныстың, бағалар деңгейі мен номианалды жала қы-
ның өсуі осы саясаттың нəтижесі болады.
Өндірушілер қалыптасқан экономикалық жағдайда ақпа-
рат тың жетілмегендігінен өз өніміне бағаның өскендігін неме-
се бағаның жалпы деңгейінің көтерілгендігін жеткілікті түрде
анықтай алмайды. Ақпараттың жетілмегендігінен өндірушілер
өз өніміне ғана баға өсті деп қате жіберулері мүмкін, алайда
нақтысында бағалардың жалпы деңгейі өседі. Мұның шындық
екенін түсіндіру үшін Р. Лукас жекелеген тауар нарықтарын
аралмен салыстырады, əр аралдың тұрғындары өздеріндегі
болып жатқан оқиғаларды ғана толық біле алады. Нарықтың
265
қатысушылары аралдың тұрғындары сияқты басқа нарықтар-
дағы-аралдардағы орын алып жатқан жағдайлардан хабарсыз бо-
лады. Нəтижесінде болып жатқан оқиғаларды кешігіп барып біле
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |