Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет318/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   525
271

Қорытынды

1.  Экономикалық (іскерлік) цикл – макроэкономикалық тұрақ-

сыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік 

деңгейінің үнемі толқып жəне ауытқып отыруы. Немесе экономикалық 

дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып оты-

руын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту 

аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі 

аралық) айтамыз.

2. Экономикалық циклдің фазалары: а) құлдырау (төмендеу, ре-

цессия) фазасы экономикалық даму параметрлерінің тез нашарлауы-

мен сипатталады; ə) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең 

төменгі нүктесі ретінде сипатталады; б) жандану (тірілу) неме-

се қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, 

жұмыссыздықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, па-

йыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың 

артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады; в) өрлеу (шың) фаза-

сы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің 

айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаздар ба-

ғамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшер-

лемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

3. Экономикалық цикл үрдісінде əртүрлі орын алатын экономи-

калық көрсеткіштер мəндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы 

экономикалық көрсеткіштер былай үшке бөлінеді: 1) проциклдік көр-

сеткіштер; 2) контрциклдік көрсеткіштер; 3) ациклдік көрсеткіштер.

4. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш əдіс-

намалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) фактор-

лармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі 

(эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық 

циклдер. Үшіншісі, сыртқы жəне ішкі факторлардың синтезі ретінде 

анықталады.

5. Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыс-

сыз дық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға жəне экономи -

калық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағыттал-

ған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты 

деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық сая-

сатының кешенді іс-шаралары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет