Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсудің тиімділігі



Pdf көрінісі
бет335/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   525
Экономикалық өсудің тиімділігі – бұл тауарлар мен қыз-

меттердің сапасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін 

көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандыры-

луын тереңдету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру 

сияқты экономикалық қызметтің əртүрлі бағыттарын қамтитын 

кең мағыналы ұғым.



Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материал- 

дық жағдайларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салалары-

ның даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды 

күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайлары-

ның қауіпсіздігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамта масыз 

ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңыз-

ды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының да-

муының əлеуметтік бағыттылығы.

Экономикалық өсудің қарқыны мен оның сапасы арасында 

белгілі бір өзара байланыс болады. Бірқатар жағдайларда, эко-

номикалық өсудің жоғары қарқыны сапаның өсуімен сəйкес 

жүрмеуі мүмкін немесе керісінше, экономиканың өсудің тым 

əлсіз қарқыны өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік бе-

руі мүмкін. Сондықтан көптеген экономистер қазіргі уақытта 

экономикалық өсудің тұрақтылығын көрсететін өсудің орташа 

қарқынын (жылына 2-3%) қамтамасыз ету əлдеқайда тиімдірек 

деп санайды. Олай болса, дамыған елдердегі экономикалық өсудің 

стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-3%-ды құрайды де-

ген сөз. Бұл жерде осындай стандартты өсу жұмыссыздық пен 

инфляцияның қалыпты деңгейіне сəйкес келетін жұмыспен то-

лық қамту деңгейімен ұштастырылуы тиіс. Бірақ кез келген 



283

экономикалық өсудің əрқашанда оң нəтижеге əкеле бермейтін-

дігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де бо-

лады. Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл əлемдік тəжіри-

беде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы 

жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.

Ал қазіргі дамыған нарықтық экономика жағдайында эко-

но 


микалық өсудің шын мəніндегі көрінісін тепе-теңдіктік эко-

номикалық өсу сипаттайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет