Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу



Pdf көрінісі
бет336/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   525
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу – бұл бел-

гілі бір уақыт аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін 

жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын 

көрсететін ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық 

сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңгерімді өсуі нəтижесінде 

бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға болады.

Экономикалық өсуді график түрінде негізгі үш əдіспен си-

паттауға болады:

1. Нақты ЖІӨ қисығы арқылы.

2. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы.

3. «AD-AS» үлгісінің көмегімен.

12.1-сурет.  Экономикалық өсу

12.1, а-суретінде тренд қисығы ЖІӨ-нің ұлғаюының ұзақ 

мерзімдік үрдісін сипаттайды. 

12.1, ə-суретінде экономикалық өсу өндірістік мүмкіндіктер 

қисығымен (ӨМҚ) көмегімен көрсетілген. Инвестициялық та-

уарлар (өндірістік құрал-жабдықтар) мен тұтынушылық тауарлар 

экономикада өндірілетін негізгі тауарлар болып табылады. Егер 

экономика ӨМҚ

1

-ден жаңа ӨМҚ



2

-ге өтсе, яғни А нүктесінен D 

нүктесіне оңға жылжыса, онда экономикалық өсу байқалады да, 



284

тұтынушылық тауарлар өндірісі С

3

-ке дейін жəне инвестициялық 



тауарлар өндірісі I

3

-ке дейін ұлғаяды. Сөйтіп, экономикалық өсу 



ӨМҚ-ң жылжуымен (параллельді түрде жылжу міндетті емес) 

сипатталады.

12.1, б-суретінде экономикалық өсу AD-AS үлгісінің көмегі-

мен бейнеленген. Бұл жерде экономикалық өсу əлеуетті ЖІӨ-

нің өсуін көрсететіндіктен, ол жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзім-

ді қисығының (LRAS) оңға жылжуымен көрініс тауып, өндіріс 

көлемі Y٭

1

-ден Y٭



2

-ге дейін артады.

Қандай да бір елдің экономикалық өсуінің нəтижесін жалпы 

ішкі өнім,  ұлттық табыс ретіндегі негізгі макроэкономикалық 

көрсеткіштер сипаттайды. Олар белгілі бір уақытқа пайызбен 

өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет