315
Капиталдың келуі ұлттық валютаға сұранысты молайтады да,
ақша ревальвациясына əкеледі. ВР қисығы солға жоғары BP׳-қа
жылжиды. Бұл импорттың өсіп, экспорттың қысқаруына əкеледі.
Нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады. Тауар нарығының
қисығы IS׳ қисығына солға-төмен жылжиды. Үш қисықтың
ІS, LМ жəне ВР қиылысу нүктесінде (Е
2
) бір мезгілдегі тепе-
теңдік орнайды (13.6-сурет). Өндірістің
нақты көлемі мен пайыз
мөлшерлемесі бастапқыдан төмен болады (Ү
2
<Ү
1
, R
2
1
).
13.6-сурет
Жоғарыда сипатталған валюта бағамы өзгерісінің бір мезгіл-
де «ішкі» жəне «сыртқы» тепе-теңдіктің орнауына əсері импорт
пен экспорттың жылдам өзгеруін болжайды. Өйткені кейнстің
«ашық» экономика үлгісі қысқа мерзімге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: