Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі жəне
сыртқы тепе-теңдік
Енді ВР қисығы құбылмалы болғанда ішкі жəне сыртқы тепе-
теңдік қалай орнайтынына тоқталамыз.
Алғашқыда экономика «ішкі» тепе-теңдік жағдайында бо-
лады (13.3-сурет). Валюта рыногының қисығы (ВР) ішкі тепе-
теңдіктен (Е
1
нүктесінен) жоғары-солға орналасқан.
13.3-сурет
Төлем балансының тапшылығы (валютаның елден таза кетуі)
ұлттық валютаның девальвациясына əкеледі. Нəтижесінде, ВР
қисығы оңға-төмен ВР׳ қисығына жылжиды. Бұл төлем балансын
жақсартады (валюта бағамының төмендеуі тауар экспортын ын-
таландырады, импортты тежейді). Таза экспорттың өсуі жиынтық
сұраныстың өсуіне əкеледі.
Нəтижесінде тауар нарығының қисығы ІS жоғары-оңға ІS׳
қисығына жылжиды. Валюта бағамының өзгерісі ақша нарығы
өзгерісіне тікелей əсер етпейтіндіктен, LМ қисығы сол күйінде
сақталады.
314
Ұлттық валюта девальвациясының шамасын дұрыс анықтаған
жағдайда тепе-теңдіктің үш қисығы бір нүктеде (Е
2
) қиылысады.
Пайыз мөлшерлемесі мен өнім көлемі өседі (Ү
2
>Ү
1
, R
2
>R
1
)
(13.4-сурет).
13.4-сурет
Екінші жағдайда ішкі тепе-теңдік төлем балансының оң саль-
досына сəйкес келеді. ВР қисығы ішкі тепе-теңдіктен (Е
1
нүктесі-
нен) төмен, оң жағында орналасады (13.5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |