Импорттық тариф – отандық тауар өндірушілерді шетел бəсеке-
сінен қорғау мақсатында импорттық тауарларға салынатын салықтың
бір түрі.
Инвестициялар – пайда табу мақсатында жеке жəне мемлекеттік
сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономи-
касының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.
Инвестицияға сұраныс қисығы – пайыздық қойылымның кез кел-
ген шамасында салуға мүмкін болатын инвестицияның көлемін сипат-
тайтын графикалық көрініс.
Инвестициялауға деген шекті бейімділік (MPI – marginal propensity
to investment) – жиынтық табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция-
лауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
Инвестициялық банктер – бағалы қағаздарды шығару мен орна-
ластыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды тартатын,
салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдаланатын ұйымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |