401
Кейнстің негізгі психологиялық заңы - «табыс өскен сайын тұ-
тынушылар тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың артуы табыстың
өсуіне қарағанда кем артады, яғни тұтынудың өсуі табыстың өсу
көлеміндей болмайды». Адамдардың табысы артқан сайын тұтынуға
деген бейімділік төмендей береді жəне керісінше жинақтауға деген
бейімділік арта түседі.
«Кепілдендірілген» экономикалық өсу – қолда бар өндірістік
қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың
салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіпкерлердің психологиялық
күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік
даму беталысы.
Кешігуші немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау)
фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне
келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар
саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне құрал-жабдықтарға кететін
шығындар, жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық
банктердің пайыз мөлшелемелерінің орташа деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |