Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты – экспорт пен импортты
салықтар, субсидиялар жəне əртүрлі шектеулер арқылы сыртқы сауданы
мемлекеттік реттеуді талап ететін үкіметтің бюджет-салық саясатының
жеке бір бағыты.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-
құлықтары мен тəртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дер-
бес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның
негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарас-
тырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруа-
шылықтарының жəне салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске
асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды
тиімді пайдалану жəне оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге
баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |