Коммерциялық банктер – əртүрлі операцияларды орындау мен
қызметтерді көрсету арқылы заңды жəне физикалық тұлғаларға келі-
сімшарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық жəне басқа да
банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын əмбебап тұрпаттағы
несиелік мекемелер.
Контрциклдік көрсеткіштер – циклге қарсы жүріп отыратын, жан-
дану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фазаларында ұлғаятын
эко номикалық параметрлер. Оларға жататындар: жұмыссыздық деңгейі,
банкроттықтар саны, дайын өнім қорларының мөлшері, т.б.
Көлеңкелі экономика – мемлекетке салық төлеуден жалтаратын
жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.
Кредит – нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар
үшін елге шетел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер
жиынтығы жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады.
Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның
əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне
айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырт-
тан берілген, экзогендік түрде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |