ның теңдігі.
403
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұ-
мыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мəселелерді зерттейтін ғы лым;
экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, əрі ел
экономикасының даму факторлары мен нəтижелерін жалпылама түрде
зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.
Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурс-
тардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін жəне төлем
балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың
қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның
аса маңызды бір саласы.
Макроэкономика – экономикадағы агрегатталған (іріленген, бірік-
тірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді
зерт
тейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы агрегатталған мінез-
құлық тар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым.
Макроэкономика – əлемде болып жатқан
ғаламдық экономикалық
мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық экономикамен өзара бай-
ланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерекше ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: