Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы ортаға қойылатын талаптар



бет107/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Ортаның дамытушы сипаты. Ол объективті, өзінің мазмұны мен қасиеттері арқылы, баланың шығармашылдық іс-әрекетіне жағдай жасауы керек, физикалық және психикалық даму мақсаттарына қызмет етуі, ақпаратты және мектеп жасына дейінгі баланың жуық арадағы даму зонасына бағытталған болуы керек. Ортаның дамытушы функциясы баланың қарапайым іс-әрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне көшуіне ықпал ететін дәстүрлі және жаңа, өзгеше компоненттердің есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ортаның бала іс-әрекетінің когнитивтік (танымдық) құрылымына сәйкес болуы, яғни ортада балаға белгілі және зерттеуге жататын проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның нұсқалылығы. Мектепке дейінгі мекеменің типіне, мақсаттары мен білім мазмұнына, мәдени дәстүрлеріне қарай орта қайталанбас түрге енеді. Бұл материалдардың көптігімен, көркемдікбейнелік шешіммен, оның компоненттерінің ауқымдылығымен қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік және қауіпсіздік деңгейінде жайлы болуы керек. Орта компоненттері – мөлшерлес масштабты және балалр мен үлкен адамдардың іс-әрекетінің макро- және микрокеңістігімен өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-әрекетінің объектілері мен құралдары, олардың эстетикалық және гигиеналық көрсеткіштері ғылыми негізделген сипатта болуы қажет.
Іс-әрекеттің көшпелі және тұрақты құралдары мен объектілерінің болуы әрбір балаға іс-әрекетті, оны орындаудың қарқынын, мерзімін және шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі мекемені архитектуралық-жоспарлау шешімі әртүрлі жастағы және әрекетті меңгеруде әртүрлі деңгейдегі балалардың біріккен іс-әрекеті үшін жағдай туғызуды, жергілікті этнопсихологиялық, мәдени-тарихи және табиғи-климаттық жағдайды ескеруді қарастырады.
Білім беру мекемесінде заттық орта жүйесі отбасы, тұрғын мөлтекаудан жағдайларымен сәйкес болуы тиіс.
Заттық ортаның барлық компоненттері мазмұны, масштабы, көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық орта бала іс-әрекетінің объектісі мен құралы ғана емес, педагогикалық процесс мәдениетін жеткізуші болып табылады, педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кәсіптік өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамытушы заттық ортаның жеткіліксіздігінен іс-әрекетті депривация жасауға жол берілмеуі керек. Заттық вакуум жағдайында баланың жаңаны білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі балалық шаққа балалардың ойындары мен басқа да іс-әрекет арқылы енетін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің дамытушы ортасын жобалау мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасалуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет