Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



бет38/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119
Тәрбие құралдары – тәрбиелеу процесінде көмекші ретінде пайдаланылатын заттардың, объектілердің, құбылыстардың жүйесі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу құралына әртүрлі тұрмыстық заттар, табиғи материалдар, ойыншықтар, көрнекті құралдар (суреттер, иллюстрацялар. фильмдер), техникалық құралдар, кітаптар, журналдар, өнердің әр түрлері, балалардың жан-жақты ісәрекеті жатады. Мектепке дейінгі педагогикада бұл құралдар жүйесінде жетекші болатын үлкен адамдармен қарым-қатынас, мектепке дейінгі кезеңдегі ең басты іс-әрекет ойын болып табылады. Ең ерекше құрал педагог тұлғасы (оның сыртқы бейнесі, эмоциясы, жүріс-тұрысы, сөзі) және балалар ұжымы, қоғамдық пікір.
Л. С. Выготский тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу – материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру процесі, - деп көрсетеді. Олай болса, тәрбие құралдарын шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

  1. Материалдық мәдениет құралдары – ойыншықтар, ыдыс-аяқ, айналасындағы заттар, оқытудың техникалық құралдары, ойындар, киім, дидактикалық материалдар және т.с.с. Олар практикалық интеллектісін дамытады.

  2. Рухани мәдениет құралдары – кітаптар, өнер заттары, сөз сөйлеу түрлері.

Бірқатар педагогтар (В. И. Логинова, П. Г. Саморукова) тәрбиелеудің Л. С. Выготский көрсеткен классификациясына үшінші топты қосады.

  1. Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен объектілер – табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі.

Әлеуметтік тәжірибені беру процесінде тәрбие түрлерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын қолдану, оларды үйлестіру және қолдану тәртіптерінің жиыны П. И. Пидкасистыйдың пікірінше, тәрбие технологиясын құрайды.
Г. М. Коджаспирова және А. Ю. Коджаспиров тәрбие технологиясын бала тұлғасын тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ретті түрде орындалатын тәсілдердің, қадамдардың жүйесі, ал іс-әрекеттің өзі процедуралық түрде, яғни іс-қимылдың белгілі бір жүйесі түрінде берілген; нәтижелілікке кепілдікті қамтамасыз ететіндей тәрбие процесі компоненттерін жасауда және оны процедуралық тұрғыда іске асырудағы іс-қимыл жүйесі ретінде анықтайды. Технология әдістемені нақтылайды. Сонымен, түрлер, әдістер, тәсілдер және құралдар жүйесі технологияның негізі ретінде тәрбие процесін басқара алушы және қайта жаңғыртушы ете алатындай рөл атқарады.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым және педагогикалық практика ретінде заманауи маңызды және өзекті бағытын жасау оны ары қарай дамытудың перспективалық жолы.
Біртұтас тәрбие процесінің нәтижелері тәрбие мақсаттарына – генералдық (мектепке дейінгі жастағы жан-жақты үйлесімді дамыту) және негізін ашып көрсететін субмақсаттарға бөлінеді. Субмақсаттар, жоғарыда көрсеткеніміздей, жетекші педагогикалық мақсатты нақты және диагностикалық етеді. Тәрбиенің мақсаты мен нәтижесін сәйкестендіру, олардың үйлесу дәрежесі тәрбие процесінің тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі педагогикада тәрбие нәтижелерін бағалау үшін мамандардың бақылауына болатындай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Мұндай көрсеткіштер ретінде сөз сөйлеу, баланың жекелеген қылықтарынан жиналатын тәртіп алынады; балалар мен үлкендердің істеріне назар қою; балалардың қоршаған ортамен, үлкендермен және балалармен қарым-қатынас жүйесі; сыртқы бейнесі; өзіне және басқаға қатынасы; іс-әрекетте және қарым-қатынаста таңдампаздығы алынады.
Біз мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде мазмұнына қарай бірнеше бағыт бар екендігін анықтадық – дене, әлеуметтік-адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық, құқықтық. Әрбір бағыт бойынша тәрбие нәтижелері өз критерийлері мен диагностикалық әдістерінің көмегімен байқалады. Мысалы, дене тәрбиесінің нәтижелері баланың денсаулық деңгейімен, негізгі қозғалыстарымен, өз денсаулығына қарауымен, мәдени-гигиеналық дағдыларының қалыптасқандығымен бағаланады. Еңбек тәрбиесінің нәтижелері балалардың өз еңбегіне, үлкендердің еңбегіне көзқарас тұрғысынан, олардың еңбек процестерін меңгергендігімен бағаланады. Еңбексүйгіштік тұлғаның қасиеті ретінде, өзі және басқалар үшін ынталылығымен бағаланады.
Адамгершілікке тәрбиеленгендік көрсеткіштеріне, адамгершілік сезімінің қалыптасқандық деңгейіне және адамгершілік тәртіп әдеттеріне, оны орындаудағы өзінділігіне, адамгершілік сезімі мен қасиетін жарқын көрсете алуына тоқталайық.
Адамгершілік тәрбиесі мәселелерімен Р. С. Буре, А. К.Меңжанова, М. И. Шарова, Е. И. Белова, Л. Ф. Островская, С. Д. Якобсон, Т. В. Артемова және т.б. белсенді түрде шұғылданды. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілікке тәрбиеленгендігінің үш деңгейін көрсетті.
Жоғары деңгей – адамгершілік нормалары қолдану деңгейінде меңгерілген, тәртібі мен қарым-қатынасын реттеуші болып табылады. Тәртібі тұрақты, үлкендердің еске салуынсыз өз бетімен ынталылық көрсетеді. Жағымды адамгершілік сезімі мен қасиеті айқын көрінеді. Бала өз тәртібін және адамгершілік нормалары тұрғысынан басқа балалардың тәртібін бағалауға қабілетті.
Орта деңгей – адамгершілік нормалары қайталап жаңғырту деңгейінде меңгерілген, бірақ үлкендердің айтуымен немесе еске салуымен жасалады. Адамгершілік тәртібі мен дағдылары қалыптасу кезеңінде болады; меңгеру тұрақсыз, өзіндік істері сирек байқалады, адамгершілік сезімдері жарқын көрінеді, бірақ жүйелі түрде емес. Басқалардың тәртібін бағалай алады, басқа балалар мен үлкендерден әлеуметтік адамгершілік нормаларын сақтауды талап етеді.
Төменгі деңгей – адамгершілік нормалары танып білу деңгейінде меңгерілген, яғни қылығын көрсеткен кезінде түсінеді. Адамгершілік нормалары ісі мен қарым-қатынасының реттеушісі болмайды, балалар күнделікті өмірде ережелерді қолданбайды, басқалардан оның орындалуын талап етпейді. Дағдылары мен әдеттері адамгершілік нормаларына сәйкес қалыптаспаған.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесін қарастырдық, оның мақсаттарын, мазмұнын, түрлерін, әдістерін, құралдарын, нәтижелерін көрсеттік. Тәрбиелеу – қоғамдағы адамның әлеуметтік тәжірибені, адамзат мәдениетін, іс-әрекет және қарымқатынас ережелерін меңгеруінің күрделі, ұзақ, жүйелі, үздіксіз процесі. Бұл адамның өмірінің басынан бастап тұлға болып қалыптасқанға дейінгі, жеке тәжірибе жинақтаудың, қарым-қатынас жасаудың, өзін-өзі көрсетудің белсенді процесі, бұл адамның стихиялық және мақсатты бағытты дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет