Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі



бет46/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119
Шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі. Ол тұлға бұрын ешқашан шешілмеген жаңа проблеиаларға кездесіп қалғанда жинақталады. Мұндай жағдайларда іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін іс-әрекеттің белгісіз жағдайларына көшіріп, оны қажетті түрде түрлендірген маңызды. Бұл тәжірибе бірте-бірте жинақталады.
Үлгі бойынша меңгерілген білім мен білік баланың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ете алмайды. Мектепке дейін білім беру жүйесінде ынталылық пен өзіндік әрекет ету үшін іс-әрекеттің аяғына дейін жағдай жасау қажет.
Мектепке дейін білім беру теориясы мен практикасында: «Шығармашылыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ талқыланып жүр. шығармашылықты мақсатты түрде қалыптастыруды елемеу балалардың шығармашылық қабілеттерін стихиялық, жаппай дамытуға алып келмейтіндігін практика дәлелдеді. Шығармашылыққа оның белгілерін біліп және арнайы жағдай жасай отырып (ұйымдастырупедагогикалық, психологиялық және т.б.) үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі баланы әрекет жасауға, өздігінен ойлауға, ынталылық көрсетуге үйрету керек. Шығармашылдық белгілерін білу арқылы оны мақсатты, бағытты түрде дамыту керек.
Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілері (И. Я. Лернер):

  • білім мен білікті өздігінен жаңа ситуацияға көшіру;

  • таныс ситуациядағы жаңа проблеманы көру;

  • объектінің жаңа функцияларын көру, заттарды тікелей арналмаған мақсаттарда пайдалану;

  • объектінің құрылымын көру, объектіні бөліктерге бөлу қабілеті, олардың қатынастары мен байланысын, маңыздысы мен маңызды емесін түсіну;

  • альтернативті ойлау – бір ситуацияны шешуді, әртүрлі әрекеттерді, қарама-қайшы фактілерді білу;

  • бұрынғы белгіліден өзгеше мүлде жаңа шешім құру; бұл шығармашылықтың дамуының ең жоғары деңгейін көрсетеді (мектеп жасына дейінгі балада көрсетілмеген). Бұл - объективті жаңалықтар ашу, жаңа теориялардың, заңдардың және т.с.с. пайда болу деңгейі.

Бұл белгілер аралас түрде көрінуі мүмкін және шығармашыл тұлғаны сипаттайды. Олар шығармашылдықтың даму бағыттылығын көрсетеді. Оларды дамытуға болады және дамыту керек те, ол шығармашыл тұлғаның қалыптасуына алып келеді.
Мектепке дейін білім беру мазмұнының үшінші компонентінің ерекшелігі сонда, шығармашылық іс-әререт процедурасында не істеу қажет екендігіне нұсқау беруге болмайды, тұлғаны дамытуды анықтайтын белгілерін дамытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет