Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепте оқуға дайындық мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің нәтижесі ретінде



бет91/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119

9.4 Мектепте оқуға дайындық мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің нәтижесі ретінде


Мектепке дайын болуды қалыптастыру – кешенді проблема, ол мамандар мен мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының басты назарын талап етеді. Соңғы кездерде мектепте елеулі өзгерістер болды, жаңа бағдарламалар енгізілді, мектептің құрылымы өзгерді. Бірінші сыныпқа баратын балаларға неғұрлым жоғары талаптар қойылды. Мектепте баламалы әдістемелердің дамуы балаларды неғұрлым қарқынды бағдарламалар бойынша оқытуға жағдай туғызды.
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің басты міндеті бала түлғасын жан-жақты дамыту және оны мектепке дайындау. Өмірдің оқыту мен тәрбиедеуді ұйымдастыруға жоғары талап қоюы оқыту әдістерін өмір талабымен сәйкестендіретіндей неғұрлым жаңа психологиялықпедагогикалық тиімді әдістерді іздестіруге итермелейді.
Бұл контексте балалардың мектепте оқуға дайын болуының ерекше маңызы бар. Мұнымен мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен принциптерін анықталады. Балалардың ары қарай мектепте оқуының жемісті болуы осы мәселенің шешілуіне байланысты.
Заманауи психологтар (А. А. Венгер, С. П. Проскура және т.б.) интеллектің 80%-ы 8 жасқа дейін қалыптасады деп санайды. Мұндай қағида мектепке дейінгі ересек балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды. Балаларды мектепке дайындау педагогика мен заманауи білім берудің аса көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бала тұлғасын дамыту міндеттерін жемісті шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, ыңғайлы кәсіби қалыптасу көбінесе, балаларды мектепте оқуға дайындау деңгейінің қаншалықты дұрыс ескерілетіндігімен анықталады. Заманауи психологияда әзірге «дайын болу» немесе «мектеп жасына толу» ұғымдарына бірыңғай және нақты анықтама берілген жоқ. Баланың мектепке дейінгіден мектеп өміріне көшуі психология мен педагогикада кеңінен зерттеліп жүрген өте үлкен кешенді проблема болып табылады.
Психологияда балаларды мектепте оқуға дайындаудың мәнін Л. А. Венгер, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддьяков ашып берді. Педагогикада бұл процестің негіздерін М. М. Безруких, С. П. Ефимова, В. И. Логинова, П. Г . Саморукова, Т. В. Тарунтаева және т.б. қарастырды. Н. И. Гуткинаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В.
Д. Шадриковтың, К. Н. Поливанованың, Н. Г. Салминованың және көптеген басқа да психологтардың зерттеулері күрделі феномен – мектепке дайын болуды кеңінен талдауға арналды.
Бүгінгі күнге мектепте оқуға дайын болу - көпкомпонентті білім беру, ол кешенді психологиялық және педагогикалық зерттеулерді талап ететіндігі жалпы мойындалып отыр.
Мектепке дайын болу – мектепке дейінгі мекеме мен отбасының мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың маңызды нәтижесі, сол сияқты білім беру мекемесінің мектепке дейінгі ересек балалар топтарындағы арнайы жұмыс нәтижесі. Дайын болу мектепке дейінгі мекеменің барлық жұмыстарының нәтижесі (жастары әртүрлі барлық топтарда, балаларды дамытудың барлық бағыттары бойынша), мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар топтарындағы мектепте оқу пәндерін меңгеруге бағытталған арнайы іс-әрекет нәтижесі. Мектепке дайын болуға қол жеткізу тек қана білім, білік, дағды жүйесін меңгерумен анықталып қоймайды, оқу іс-әрекетін ойдағыдай бастау үшін қажетті баланың психологиялық қасиеттері де қалыптастырылады.
Балалар психологиясында балалардың мектепке дайын болу проблемаларын зерттеу мәселелері Л. И. Божовичтің, Д. Б. Элькониннің, Н. Г. Салминаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В. Д. Шадриковтың және т.б. жұмыстарында бар. Бұл авторлар Л. С. Выготскийден кейін оқу өзінен кейін дамуды алып келеді, сондықтан оқуды ондағы психологиялық функциялар жетілмей тұрып бастау керек деп есептейді. Оның үстіне, бұл зерттеулердің авторлары мектепте оқу жемісті болу үшін балалардың білім, білік және дағды жинағы емес, мектепте оқудың психологиялық алғышарты ретінде қарастырылатын оның тұлғалық және интеллектуалды дамуының деңгейі маңызды деп санайды.
Мектепке дайын болу – тұлғаның жан-жақты даму нәтижесі және мектепке дейінгі педагогикада екі бағытта қарастырылады – жалпы және арнайы дайын болу. Дайын болудың аталған түрлерінің әрқайсысы мектепке дайындау бағыттарының тиісті нәтижесі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет