Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


ҚОСЫМША 1-қосымша МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет121/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132
ҚОСЫМША
1-қосымша
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 
(ДАМЫТУШЫ ОРТА, ҚАУІПСІЗДІК, БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН 
ҚОРҒАУ)
1. Сәбилік жастағы балаларды дамыту үшін дамытушы орта 
құру ( 2 айлықтан 1 жасқа дейін).
1.1. Сәбилер болатын бөлме балаға үлкендермен тұрақты түрде олар-
ды көріп байқап тұратындай, жалғыз жеке қалып қалудан жайсыздықты 
сезінбейтіндей визуалды қатынас жасап тұруға мүмкіндікті қамтамасыз 
етеді.
1.2. Бөлмеде манеж немесе қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті басқа 
да жабдықтар болады.
1.3. Еңбектеп жүретін балалар үшін бөлменің едені жылыланған 
болады.
1.4. Топта отырып ойнайтын ойындар үшін жабдық болады 
(қозғалмалы орындықтары бар столдар және т.б.).
1.5. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған 
жабдықтар болады (горка, әткеншек, тренажерлар, ходуноктар және 
т.б.).
1.6. Манежде, баланы орайтын үстелде және бөлмеде баланың бой-
ымен көрсететін айна болады.
1.7. Бөлмеде өздері және үлкендермен бірге қабылдау үшін әдемі 
суреттер, ойыншықтар болады.
1.8. Балаларды зерттеу және манипуляциялау іс-әрекетті дамыту 
үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етеді (қанық боялған, дыбыс 
шығаратын түрлі ойыншықтар; құламайтын қуыршақтар және басқа 
адам түріндегі қуыршақтар; үй шаруасындағы заттар: қасықтар, бояу-
лар, катушкалар, қиындылар және т.с.с.).
1.9. Кішкентай балалардың төсектерінің жанына баланың қолы 
жететіндей жерге сылдырмақ ойыншықтар ілінеді.
1.10. Топта мазмұнды ойыншықтар болады (балалар мебелі, ыдыс-
аяқ және т.б.).
1.11. Балалар музыкалық аспаптары, дыбыс шығаратын 
ойыншықтар болады.


209
1.12. Пластинкасымен күйтабақ немесе магнитофон болады.
1.13. Суреттері бар кітапшалар, бор, бояу, түрлі түсті карандаштар, 
қатырғы қағаз.
1.14. Бөлмеде ойнау үшін, музыкаға ілесіп билеу үшін, 
ойыншықтарға еркін қол жеткізулері үшін қозғалыс кеңістігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет