Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы заттық ортаның базалық компоненттері



Pdf көрінісі
бет118/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132
Дамытушы заттық ортаның базалық компоненттері
Балалық шақтың дамытушы ортасын жобалауға талаптың жоғары 
болуы мектепке дейінгі мекеме басшылары мен педагогикалық ұжымға 
тиісінше жауапкершілік артады. Жобалағанда ортаның біртұтас 
жүйесін құрайтын базистік компоненттері болатындығы ескерілуі 
керек. Базистік компоненттер топтық орындарды ғана емес, басқа да 
функционалдық кеңістікті қамтуы тиіс. Түрлі базалық компонент-
тер педагогикалық процесті формалды ұйымдастыруға мүмкіндік 
бермейді. Тұжырымдама аясында балалар үшін мектепке дейінгі 
мекеменің функционалдық орындары үлкендерге арналған орындарды 
да есептегенде қолжетімді болуы керек. Кейбір жекелеген орындарға 
(әдістемелік кабинет, тамақ жасайтын бөлме) бару шектеулі болуы тиіс, 
бірақ жабық болмауы керек. Балалар мекемелері ата-аналар үшін де өз 
таланттарын кеөрсете алатындай мәдени орталыққа айналуы тиіс.
Мектепке дейінгі мекеменің заттық дамытушы ортасының базалық 
компоненттері мыналар:
• 
топтық орындар;
• 
компьютерлік-ойын кешені;
• 
балалар кітапханасы, видеотека;
• 
дизайн-студия;
• 
музыкалық және и театр-би кешені;
• 
дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
• 
мектепке дейінгі мекеме жанында аула-саябақ;
• 
аула-саябақта жануарлар ұстау орындары;
• 
қысқы бақ және жануарлар ұстау үшін бұрыштар;
• 
мектепке дейінгі мекеменің архитектуралық бейнесі және 
сыртқы көрінісі;
• 
мектепке дейінгі мекеменің аула-саябағының және ғимаратының
территориясына кіреберісі;
• 
баспалдақ марштары және рекреациялар;
• 
балалар мен үлкендер үшін жалпы асхана;
• 
мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің демалатын бөлмесі;
• 
әдістемелік кабинет;
• 
меңгерушінің кабинеті;
• 
психологтың кабинеті;
• 
медициналық кабинет;
• 
балалар мекемесінің тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге 
арналған орын;
• 
қосымша орындар.


203
Көрсетілген орындар дамытушы ортаның заманауи тұжырымдамасы 
аясында педагогикалық процесті толыққанды ұйымдастыру үшін 
қажетті (базалық) болады. Оларды жоспарлауға және жабдықтауға 
мамандардың (эргономистердің, дизайнерлердің, психологтардың
педагогтардың) ерекше назары керек.
Белгіленген базалық компоненттер дамытушы ортаны құрудың 
көпнұсқалылығының негізін құрайды. Әрбір жобаға барлық компо-
ненттер немесе олардың бөлігі кіруі мүмкін. Мектепке дейінгі меке-
ме жұмысының практикасында жүйелілікті, масштабы мен стилінің 
бірлігін сақтай отырып заттық орта мазмұнының біртіндеп өсуі жаңа 
элементтерді енгізу арқылы байытылуы мүмкін. Сонымен бірге 
орта азфункционалдылықпен, артық заттармен толтырылмауы тиіс. 
Оның міндеті – әрбір баланы қызықты, пайдалы іспен шұғылдануды 
қамтамасыз ету.
Баланың даму ортасын жобалағанда бала үш кеңістікте: оның қол 
қимылымен (масштаб «көз-қол»), бойы мен үлкендердің заттық әлемімен 
шамалас әрекет болмай, жан-жақты дамыту мүмкін болмайтындығын 
ескеру керек. Ендеше, мектепке дейінгі мекемеде баланы дамыту орта-
сы бала әрекет жасайтын заттық ортаның үш масштабы болуы керек.
Дамытушы орта өзінің мүмкіндіктерін баланың осы ортада 
үлкендермен қарым-қатынасының арқасында ашады. С. Л. Новоселова: 
«Үлкен адамдардың дайындығынан, біліктілігінен, олардың балаларға 
мейірімділік мен мүдделілік қарым-қатынасынан заттық ортаның 
әсерлілігі, баланың өз іс-әрекетінде оны меңгергісі келетіндігі және 
меңгере алатындығы белгілі болады» деп көрсетеді. Мектепке дейінгі 
мекеменің түрлі базалық компоненттерінің жобаларының нұсқалары С. 
Л. Новоселованың жұмысының маңызды бөлігін қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет